18 қарашада NUST MISIS (Мәскеу) Қоғамдық кеңесінің онлайн-отырысы өтеді
"МБжҚИ" ҒЗТУ тау-кен металлургия саласы, Қазіргі заманғы материалтану және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу үшін кадрларды даярлау, кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ТМД-ға мүше-мемлекеттердің базалық ұйымы бола отырып, Қоғамдық кеңестің жыл сайынғы отырысын 2020 жылғы 18 қарашада сағат 10:00-де (Мәскеу уақыты бойынша) өткізуді жоспарлап отыр.
Эпидемиологиялық жағдайға және әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты көптеген университеттер студенттерді қашықтықтан оқыту форматына көшті.
"МБжҚИ" ҒЗТУ Қоғамдық кеңес отырысында келесі мәселелерді талқылауды ұсынады:
1. Республиканың жоғары білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру.
2.Кадрлардың цифрлық біліктілігі: жеке жоспар бойынша, қажет болған жағдайда өндірістен қол үзбей қашықтықтан кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері.
Қоғамдық кеңестің отырысы ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді.
Сәтбаев университетінің атынан академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Искаков Р.М., «Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының» директоры Елемесов К.К. қатысады.