2022 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлықысына ізденіс конкурсы
Ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.
Министрлікпен еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалатын болады.
1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (6 126 000 тенге) құрайды.
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2022.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.
Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;
2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;
3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Байқау ережелерімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:
Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша Ғылым департаментіне хабарласуға болады:
Мұнай ғимараты, 610 каб. вн.тел.7223.
e-mail: s.salykova@satbayev.university
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі-2022 жылғы 25 қараша.