Аскенов Ерлан Нурланулының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2025 жылдың 7 қарашасында сағат 14:00-да ТКМҒ 271 аудиториясында «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Машина жасау» кафедраларының және "Көлік инженериясы" бағытының кеңейтілген отырысы өтеді, онда (PhD) докторанты Аскенов Ерлан Нурланулының докторлық диссертациясы алдын ала тыңдалады.
Тақырыбы: «KZ4A электрвозының сенімділік көрсеткіштерін автоматтандырылған борттық техникалық жағдайды диагностикалау жүйесін қолдану арқылы зерттеу»
Отындық ғылыми кеңесшілер:
Абдуллаев Сейдулла Сейдеметович – техника ғылымдарының докторы,профессор, «М.Тынышбаев атындағы көлік инженериясы және логистика» мектебінің басшысы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Грачёв Владимир Васильевич – техника ғылымдарының докторы, I Александр атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік жол қатынасы университетінің «Локомотивтер және локомотив шаруашылығы» кафедрасының профессоры (Ресей, Санкт-Петербург қ.).
Рецензенттер:
1. Қамзанов Нұрбол Садықанұлы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Транспорттық инженерия» білім беру бағдарламасының басшысы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
2. Жусупов Кенес Амирлович – т.ғ.к., доцент, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертацияны алдын ала қорғау 2025 жылдың 7 қарашасында сағат 14:00-да өтеді: Алматы қ., Сәтбаева к., 22, «К.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ, ТКМҒ «Porsche Learning Centre», 271 аудитория.