«Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылды
2025 жылдың 29–30 сәуірі күндері Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында дәстүрлі түрде өткізілетін «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға еліміздің 5 жоғары оқу орнынан 7 команда қатысып, өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін сынға салды. Қатысушы жоғары оқу орындары: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ХБК) және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.
Қазылар алқасының шешімі бойынша командалар келесідей орындарды иеленді:
1-орын:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Команда атауы: GeOkezen
Жетекшісі: Доненбаева Назгүл Серікқызы
2-орын (екі команда):
- Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Команда атауы: GeoSatTeam
Жетекшісі: Киргизбаева Динара Мейрамбекқызы - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА)
Команда атауы: ГеоМОК
Жетекшісі: Кузнецова Ирина Анатольевна
3-орын (төрт команда):
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Команда атауы: SIRIUS
Жетекшісі: Айтенова Әлия Саматқызы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Команда атауы: Farabi
Жетекшісі: Құрманбаев Олжас Сейітботанұлы - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Команда атауы: Seifullin surveyors
Жетекшісі: Айтенова Әлия Саматқызы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Команда атауы: The surveyors
Жетекшісі: Құрманбаев Олжас Сейітботанұлы
Барлық қатысушы командалар мен олардың жетекшілеріне белсенді қатысулары үшін алғыс білдіреміз!