Гравиметриялық өлшемдер: теориядан практикаға
Сәтбаев университеті BR21882366 «Координаттар мен биіктіктердің біртұтас мемлекеттік жүйесінің негізі ретінде Қазақстан Республикасының геоидтық моделін әзірлеу» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ғылыми жобасы аясында, гравиметрия саласындағы ағымдағы зерттеулердің нәтижелерін пайдалануда, ақпараттандыруды арттыру мақсатында, 2025 жылдың 24-28 ақпаны аралығында жеке секторға және мүдделі тұлғаларға арналған семинар өткізеді.
Барлығын МҚБ шеңберінде құрылған гравиметриялық сынақ алаңында практикалық гравиметриялық өлшеулерге қатысуға шақырады.
Тәжірибелік өлшеу бағдарламасына мыналар кіреді: ауырлық күші үдеуінің абсолютті мәндерін, тік градиентті, координаттар мен биіктіктерді өлшеу, гравиметриялық сынақ алаңының нүктелерінің биіктік байлау.
Қатысу тегін.
Байланыстағы тұлға: Әбдіқалықова Роза Сатмағамбетқызы e-mail: r.abdykalykova@satbayev.university; ұялы телефон +77058734082