Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құруға мүдделілік білдіру туралы сұрау салу
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығына 1-қосымшаның 13-тармағына сәйкес жария талқылауды өткізу мақсатында жобаның бастамашысы осы сұранысты орналастырады.
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ «PolyTechPark» Технологиялық паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру бастамасын қарастыруды ұсынады.
«PolyTechPark» Технологиялық паркі» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары:
- коммерциялық қызмет пен басқару мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
- инженерлік-техникалық консультациялар ұсыну қызметі;
- басқа да топтамаларға енгізілмеген қосалқы коммерциялық қызметтерді көрсету.
Жария талқылау мерзімі: 2025 жылғы 30 қазаннан бастап 13 қарашаға дейін.
Мүдделі тараптар (мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық өкілдері, ғылыми ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер) жобаны іске асыруға қатысты өздерінің ұсыныстарын, ескертулерін және ұсынымдарын жолдауға шақырылады.
Ұсыныстар мына мекенжайларға қабылданады:
- электрондық пошта арқылы: info@satbayev.university;
- жазбаша түрде мына мекенжайға: Сәтбаев көшесі, 22, 050013, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Талқылау қорытындылары бойынша Жария талқылаулардың хаттамасы жасалып, жобаның бастамашысының ресми сайтында орналастырылады.
