Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
06.04.2026 65

Сарсембаева Б. Д.-ның докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы туралы хабарландыру

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық Университетінде, О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтында, «Материалтану, нанотехнологиялар және инженерлік физика» кафедрасында кафедрасында 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша:  «Литий-иондық аккумуляторлар анодтарының электрохимиялық тиімділігін арттыру үшін кремний-көміртек материалдарын алу және зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертацияның алдын ала қорғауы өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Бейсенова Еркежан Ердаулетқызы (отандық ғылыми жетекші) – философия докторы (PhD), «Энергетикалық материалдар мен технологиялар» зертханасының аға ғылыми қызметкері, Жану проблемалары институты, сондай-ақ KBTU жанындағы Laboratory of Advanced Materials and Technology ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Асқарұлы Қыдыр (отандық тең ғылыми жетекші) – философия докторы (PhD), Қ.И. Сәтбаев атындағы университеттің «Жалпы физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  3. Мухаммад Адиль Мансур (шетелдік ғылыми жетекші) – философия докторы (PhD), Жаратылыстану ғылымдары мектебі, химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Ұлттық ғылымдар және технологиялар университетінің (NUST), SNS-NUST ғылыми зерттеулер жетекшісі, Исламабад қ.

Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық Университетінде орындалған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Семинар 2026 жылғы 17 сәуірде сағат 11:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде, О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтында, «Материалтану, нанотехнологиялар және инженерлік физика» кафедрасында өтеді.

Мекенжайы: Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, Тау-кен металлургия корпусы, 320 ГМК аудиториясы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту