16 наурыз 1599

Шерзат Шермет – әл-Фарабиге еліктейтін жас ғалым

Шерзат Шермет – әл-Фарабиге еліктейтін жас ғалым

Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-да түрлі салаларды зерттеп жүрген з-курс студенті бар дегенді естігенде, бакалавр студенті не бітіруі мүмкін деген сауал туды. Алайда, оның жобаларымен танысқан соң, одан сұхбат алуды жөн санадық. Себебі SZH редакциясы ғылымда өз орнын тапқан жас ғалымдармен бірге, өз орнын алуға талпынып жүрген жастардың да жұмысына мотивация беріп, насихаттауды мақсат тұтады. Шерзат Шермет - айдарымыздың бүгінгі қонағы. Ол сұхбатында өзінің зерттеулері туралы айтып берді.

Үш бағытта зерттеу жүргізіп жүрмін

Біріншісі – психологиялық бағытта. Себебі, менің мамандығым – инженер-педагог. Қазір көп жастар оқу бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Осының себебін зерттеп жатырмын. Жетекшім – Әбдиева Ғазиза Ілиясқызы.

Ескі диірмендерді су-электр станцияларына айналдырғым келеді

Екінші бағытым – энергетика саласында. Ескі диірмендерді су-электр станцияларына айналдырғым келеді. Қазір қолымда дайын жоба бар. Жақында студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсынан үшінші орын алды. Бұл жұмысты оқушы кезімнен Сырлыбаева Гүлдария деген физика пәнінің мұғалімінің бастауымен қолға алған едім. Кейін университетке келген соң, Рахат деген ағамызбен жалғастырып жатырмын.

КСРО кезінде ұнды су диірмендері арқылы тартатын. Қазір оларды ешкім қолданбайды, қараусыз қалып кетті. Соның бірі – өзімнің туған жерім – Созақ аудынындағы 1991 жылы салынған су диірмені. Оның әрқайсысының салмағы 90 килограмм шамасында болатын екі тасы бар. Осы екі тасты генератордың қалақшасы емін-еркін айналдыратын. Демек, су ағыны өте жақсы жолға қойылған. Су жинайтын көлемі де үлкен емес, бір үйдің аумағындай ғана. Осында су жиналып, арнайы екі құбыр арқылы төменге қарай ағады. Сонда кезде ағыс қатаяды да, қалақшалар тез айнала бастайды. Бұл су қайдан келеді дейсіз ғой? Кәдімгі Қаратаудан бастау алатын Жайылма өзенінің суы.

Біз осының бәрін зерттеп, егер оны су-электр станциясына айналдырсақ, қанша энергия алуға болатын болжап көрдік. Есептеуімізше, секундына 38 киловатт энергия өндіруге болады екен. Ол жылға шаққанда, салыстырмалы түрде бір облысқа жетерлік энергияны қамтамасыз ете алады деген сөз. Әрине, есептеуімізде қателіктер кетуі мүмкін. Оны мамандарға тексертіп көрмекпін. Себебі, бұл теориялық тұрғыдан идеалды есептеу болуы мүмкін. Алайда, шынайы диірменді СЭС-ке айналдырған кезде, нәтиже өзгеріп кетуі ықтимал.

Мен бұл жобаны 11-сынып оқып жүргенде, сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарына ұсындым. Ол қолдаған болатын, алайда мен оқуға кетіп едім, аяқсыз қалды. Жобаны толығымен аяқтаған соң, қайтадан бір ұсынып көремін.

Оны біздің ойымыздағыдай жасап шығу үшін 10 миллион теңгедей қаражат керек екен. Алайда, бір қорқынышым бар. Біз Қаратаудың баурайында тұрғандықтан, көктемде су шайып кетпей ме екен? Сондықтан оны іске асыру кезінде төтенше жағдай қызметкерлерімен ақылдасуым керек.

Мұнай қалдықтарынан пайдалы заттар алғымыз келеді

Ал енді үшінші бағытым – химия. Мен оны енді бастап жатырмын. Жетекшім – Абдикаримов Малик Нығманұлы. Екеуіміз мұнайдың химиялық қалдықтарын зерттеп жатырмыз. Біздің еліміздегі мұнайдың құрамында парафинді күкіртті қосылыстар өте көп. Соның есесінен қалдықтар тіптен көп төгіліп жатыр. Мысалы, қазіргі таңда Каспий өңірінің өзінде 125 кен орны бар. Олар жыл сайын бірнеше тонналап мұнай қалдықтарын төгіп жатыр. Мысалы, бір кездері Зеленов ауданында 816 шаршы шақырымға өнеркәсіптік қалдық төгілген… Байғанин ауданында да солай… Каспий теңізіне де мұнай төгіліп жатыр… Жаңаөзенде мұнай қалдықтарынан өрт шыққан… Бұның қоршаған ортаға зиянын айтпаса да түсінікті шығар.

Ол қалдықтардан парафин шөгінділері жиналып қалады. Осыны зерттеу үшін Құмкөл кен орнының мұнайларын алдық. Соларды зерттей келе жетекшім спорт алаңдарына төселетін битум жасап шығарды. Ал, елімізде ондай заттардың бәрін шетелден сатып алады.

Біз мұнай қалдықтарын өңдей отырып, осындай пайдалы заттарды шығарсақ дейміз. Бұл жобаны әлі ешқайда ұсынбадық. Тек осы туралы мақалалар жазып, халықаралық конференцияларда қорғадық...

г.Алматы, 15.03.2017, szh.kz

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту