15.04.2026
51
Университеттің білім беру бағдарламаларының сыртқы аудитіб сәур 2026
Университеттің білім беру бағдарламаларын халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалау мақсатында мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде, сыртқы сарапшылар комиссияларының жұмысы жоспарланған.
Сыртқы аудит кестесі:
- 20 – 21 сәуір 2026 жыл: Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (НАОКО / IQAA) сарапшылар тобы.
- 28 – 30 сәуір 2026 жыл: Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР / IAAR) сарапшылар тобы.
- 05 – 06 мамыр және 12 – 13 мамыр 2026 жыл: Орталық Азиялық Білім жүйесін Аккредиттеу Қауымдастығының (САААЕ) сарапшылар тобы.
Сыртқы аудит барысында сарапшылар Университеттің инфрақұрылымымен танысады, құжаттамаларды зерделейді, сондай-ақ ПОҚ, студенттер, түлектер және жұмыс берушілермен интервью жүргізеді.