22 қараша
126
Уразалиев Асет Сейсенбекович докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2024 жылдың 13 желтоқсанында, сағат 11.30-да ГМК 244 аудиториясында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында 6D071100 - «Геодезия» мамандығы бойынша PhD докторанты Уразалиев Асет Сейсенбекұлының докторлық диссертациясы алдын ала тыңдалады. PhD докторлық диссертациясының тақырыбы: «Гравиметриялық және спутниктік деректерді қолдана отырып Алматы қаласының жергілікті геодезиялық торын жаңғырту».
Ғылыми кеңесшілері:
- Мейрамбек Г. – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Тау-кен маркшейдерлік ісі және геодезия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
- Roman Shults – PhD, аға ғылыми қызметкер / Король Фахд атындағы Мұнай және Пайдалы Қазбалар Университетінде қашықтықтан зондтау және талдау зертханасының үйлестірушісі, (Дахран, Сауд Арабиясы)..
Рецензенттер:
- Нұрпейісова М.Б. – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры.
- Қожаев Ж.Т. – PhD, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертацияның алдын ала қорғауы 2024 жылдың 13 желтоқсанында сағат 11.30-да келесі мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22В, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ГМК, 244 аудиториясы.