3 мамыр 5497

Әлиакбар Мадияр Манарбекұлы

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарлама

Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 6D070600–«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша докторант Әлиакбар Мадияр Манарбекұлы «Каспий маңы ойпатының оңтүстік бортының тұз үсті кешенінің перспективаларын зерттеу кезіндегі петрофизикалық модельдеу» тақырыбындағы PhD философия докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің «Геофизика және сейсмология» кафедрасында орындалған.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Истекова Сара Аманжоловна – геология-минералогия ғылымдарының докторы, «Геофизика және сейсмология» кафедрасының профессоры.

2. Калмыков Георгий Александрович – геология-минералогия ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Геология факультетінің "Жанғыш қазбалардың геологиясы және геохимиясы" кафедрасының профессоры (Ресей Федерациясы).

Рецензенттер:

1. Абилхасимов Хаирлы Бабашевич – геол.-мин. ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі, «ГЕО-Мұнай XXI» ЖШС-нің бас директоры, Алматы, Қазақстан Республикасы.

2. Нурбаев Бахытжан Оразович – геол.-мин. ғылымдарының кандидаты, «OIL GAS PROJECT» ЖШС-нің директоры.

Диссертациялық кеңестің уакытша құрамы (19.04.2024 ж. №3 хаттама):

1. Битеуова София Азербаевна – геол.-мин.ғылымдарының кандидаты, «Orda BB» ЖШС-нің компаниясының бас геологы. (Scopus) CiteScore жүйесінде 2-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, (Scopus) Халықаралық деректер базасында H-индекс = 1 және Web of Science деректер базасында = 1.

2. Енсепбаев Талгат Аблаевич – геол.-мин.ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, «Гидрогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы» кафедрасының профессоры, (Scopus) CiteScore жүйесінде докторантура бойынша 9 ғылыми жарияланымы бар, (Scopus) халықаралық деректер базасында H-индекс = 3 және Web of Science деректер базасында = 3.

3. Нурсултанова Саида Галиаскеровна – геол.-мин.ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының тәуелсіз сарапшысы, «Смарт Инжиниринг» ЖШС-ніңбас геологы. (Scopus) CiteScore жүйесінде 1 ғылыми жарияланымы бар, Scopus Халықаралық деректер базасында H-индекс = 2 және Web of Science деректер базасында = 1.

4. Ахметов Ермек Мауленович – геол.-мин. ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының доценті. (Scopus) CiteScore жүйесінде 5 ғылыми жарияланымы бар, Scopus халықаралық деректер базасында H-индекс = 2 Web of Science деректер базасында = 1.

5. Жумабеков Арслан Кайратович – PhD докторы, «IBEX RESOURSES» ЖШС-нің, аға геологы. (Scopus) CiteScore жүйесінде 3 ғылыми жарияланымы бар, Scopus Халықаралық деректер базасында H-индекс = 1 және Web of Science деректер базасында = 1.

6. Куантаев Нысанбай Есеркепович – геол.-мин. ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының жер қойнауын құрметті барлаушысы, Қазақстан Республикасының минералдық ресурстар академиясының академигі, First International Oil Corporation (FIOC) компаниясының директоры, (Scopus) CiteScore жүйесінде 3 ғылыми жарияланымы бар, Scopus Халықаралық деректер базасында H-индекс = 1 және Web of Science деректер базасында = 1.

Қорғау 2024 жылдың 05 маусым айында сағат 14:30-да Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен-жайы бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев к-сі 22, Басты оқу ғимараты (БОҒ), 5 қабат  №535 аудитория.

Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:

https://teams.microsoft.com/l/team/19%3a54YYlAD2CW5d5Jrpf3dnSTbNohKcRCo_j1rsCDayPuA1%40thread.tacv2/conversations?groupId=eff1751c-7b0b-4fbe-b30d-f8424d41469f&tenantId=49cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c

Диссертациялық Кеңес отырысының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=Tt4xQywKR_w&t=16s 

Ғылыми хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әуелхан Ерғали Сатышұлы.

e-mail: y.auyelkhan@satbayev.university   

тел.:  +7 707 829 01 61.



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту