Әуесбек Сұлтан Темірбекұлы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-та Әуесбек Сұлтан Темірбекұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Модификациялаушы қоспалары бар фосфор қожысынан алынған ұсақ ұнтақталған цемент негізіндегі бетондар өндірісі» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғау өтеді. Докторанттың оқу бағдарламасы 8D07340 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру».
Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Диссертациялық жұмыс BR21882292-"Тұрақты құрылыс саласын интеграцияланған дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру" БМҚ шеңберінде орындалды.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Сарсенбаев Бакытжан Кудайбергенович - т.ғ.д., профессор, ҰТКА академигі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы.
2. Лесовик Валерий Станиславович - т.ғ.д., профессор, В.Г. Шухов атындағы Белгород Мемлекеттік Технологиялық университеті.
Әуесбек Сұлтан Темірбекұлы диссертациялық жұмысы бойынша уақытша комиссия құрамы:
- Мухаметрахимов Рустем Ханифович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазан мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Қазан қ., РФ. Хирша индексі (h-индексі) - 7, citescore-да (Scopus) докторанттың бағыты 8D07340 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру" БББ бойынша 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланым бар,.
- Естемесова Аксая Сансызбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, "Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент" факультетінің деканы, ХБК (ҚазБСҚА), Алматы қ., Қазақстан. Хирша индексі (h-индексі) - 3, citescore-да (Scopus) докторанттың бағыты 8D07340 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру" БББ бойынша 35 - тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдар бар,.
- Утепов Елбек Бахитович - PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультеті "Құрылыс" кафедрасының, зерттеуші профессоры. "Solid Research Group" ЖШС ҒЗИ-нің аға ғылыми қызметкері (қоса атқарушы). Хирша индексі (h - индексі) - 9, citescore-да (Scopus) докторанттың бағыты 8D07340 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру" БББ бойынша 35-тен жоғары 32-ден астам ғылыми жарияланым бар.
Рецензенттер:
1. Жугинисов Маратбек Турабайулы – т.ғ.д., Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасының профессоры. Алматы қ., Қазақстан. Хирша индексі (h-индексі) - 2. 8D07340 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру" БББ бойынша Scopus базасында индекстелетін 8-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
2. Орынбеков Елжан Серикович – т.ғ.к., ХБК (ҚазБСҚА) қауымдастырылған профессоры. Алматы қ., Қазақстан. Хирша индексі (h-индексі) - 5, citescore-да (Scopus) докторанттың бағыты 8D07340 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру" БББ бойынша 15-тен астам ғылыми жарияланым бар.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2025 жылдың 17 қазанында сағат 16:00-де өтеді.
Өтетін орны: Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті,050013, Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 22, Мұнай корпусы, 3-қабат, 316-аудитория.
MS Teams сілтемесі:
Общий | Диссертационный совет по направлению "Архитектура и строительства" | Microsoft Teams
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Ғылыми хатшы: PhD, Бердіқұл Н.И.,
е-mail: n.berdikul@satbayev.university