24 қазан 3324

Аймұханбет Бауыржан Аймұханбетұлы

Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешімі

6D071200 - Машина жасау, 6D071600 - Аспап жасау мамандықтары бойынша Диссертациялық Кеңесі «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» 2019 жылғы 26 қараша № 10 отырыс хаттамасына сәйкес келесі шешім қабылдады: Философия докторы (PhD) дәрежесі 6D071200 - Машина жасау мамандығы бойынша Аймұханбет Бауыржан Аймұханбетұлына берілсін.

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарлама

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша докторант Аймұханбет Бауыржан Аймұханбетұлының «Цилиндрлі бөлшектерді пластикалық деформациялау әдістерімен өңдеу кезінде кернеулі-деформацияланған бет күйінің оның сапалық көрсеткіштеріне әсері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.

Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасында орындалған.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

 

Ғылыми кеңесшілер

1. Поветкин Виталий Васильевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы қаласы, Қазақстан.

2. Jerzy Lunarski – техника ғылымдарының докторы, профессор, Құрылыс және тау жыныстарын механикаландыру институты, Варшава қаласы, Польша.

 

Рецензенттер:

1) Усупов Сабий Сейтқазыұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі, «Өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасы, Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры 05.03.01).

2) Кульгильдинов Мұрат Сапарбекұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі, «Автомобильдер, жол техникасы және стандартизация» кафедрасы, М. Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясы, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры 05.05.04).

 

Қорғау 2019 жылдың 26 қарашада, сағат 11-00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде, келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Машина жасау институты ғимараты, 206 аудитория.

 

Сайт адресі: www.kaznitu.kz, e-mail: baur.06@mail.ru

Ғылыми хатшы: физ.-мат. ғ.к. Бактыбаев М.К.,

e-mail: murat.baktybayev@gmail.com, тел.: 8 777 292 52 44, 257-71-84

Диссертациялық кеңес жиналысының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=vfgg3qh_ItA



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту