6 қараша 542

Балгаев Досжан Ергенович

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Балғаев Досжан Ергенұлының «Конструкциясы жетілдірілген штангалы ұңғымалық сораптардың  клапан тораптарының жұмыс процесін зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді. Диссертация 8D07110 – «Машиналар мен жабдықтардың сандық инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған. Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Заурбеков Сейтжан Арыспекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Мұнай инженериясы» кафедрасының профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

2. Сладковски Александр Валентинович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі ректордың уәкілетті өкілі, Силезия техникалық университеті (Польша).

Ресми рецензенттер:

1) Мырзабекова Динара Мырзабекқызы – PhD докторы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Халықаралық инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры. Хирш индексі – 1.

2) Мурзахметова Ұлбала Асқарбековна – кандидат технических наук, доцент, КазАДИ имени Л.Б. Гончаров (г. Алматы), h-индекс 2.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

1) Касенов Асылбек Жұмабекұлы – Академиялық қызмет департаментінің директоры, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Торайғыров университеті» КЕАҚ (Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.). CiteScore бойынша 35-тен жоғары 26 ғылыми жарияланымға ие, Хирш индексі – 7.

2) Сейдахмет Асқар Жүнісұлы - техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты ШЖҚ РМК "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты",  (Алматы қаласы). Scopus деректер қорында 25 ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде CiteScore көрсеткіші бойынша 35-тен жоғары бірнеше жарияланымы бар, h-индекс 3;

3) Нусипали Роллан Карсонұлы – PhD, 6D071200 – Машина жасау, «Транспорт және машина жасау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті (Тараз қ., Қазақстан Республикасы), Хирш индексі – 2.

Қорғау 2024 жылдың 06 желтоқсанында сағат 10:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде өтеді. Мекенжайы: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, ГМК корпусы, 271-аудитория. Сонымен қатар, қорғау Microsoft Teams платформасында онлайн форматта да өтеді.

Сайт адресі: https://official.satbayev.university; e-mail: dos_mjk@mail.ru

Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19:kDWzUtgP144PFwqrxcZ70QPkW4K71TIpnJcg7QVHBgI1@thread.tacv2/1708505665615?context=%7b%22Tid%22%3a%2249cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c%22%2c%22Oid%22%3a%22b5aa2848-7d4c-4254-8b29-40158cca3ac4%22%7d

Ғылыми хатшы: PhD, Басканбаева Д.Д., e-mail: d.baskanbayeva@satbayev.university , тел.: +7 (777) 499 40 03



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту