Есенбаев Аркен Маратович
Есенбаев Аркен Маратович
Докторлық диссертация қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Есенбаев Аркен Маратовичтің «Тұрғын үй эволюциясының негізгі сатыларының жағдайында түрлендіру кезеңдері» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертациясын «8D07301 – Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Корнилова Алла Александровна – ҚР Құрметті сәулетшісі, сәулет докторы, «Сәулет» БББТ профессоры, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті;
- Багина Елена Юрьевна – сәулет кандидаты, қалалық құрылыс кафедрасының доценті, Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал Федералдық Университет (Ресей).
А.А.Есенбаевтын диссертациясы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
1. Воличенко Ольга Владимировна – сәулет докторы, профессор, «Ұлттық зерттеу Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті» ФМББ ЖБМ, Мәскеу, Ресей. Хирш индексі (h-индекс Scopus) – 2. Докторанттың бағыты бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда Scopus базасында индекстелетін 3-тен астам ғылыми жарияланым авторы.
2. Киселёва Татьяна Александровна – сәулет кандидаты, Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, ассоциированный профессор Высшей школы искусства и гуманитарных наук,
Международный университет Астана халықаралық университеті, Астана қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс Scopus) – 2. Докторанттың бағыты бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда Scopus базасында индекстелетін 4-тен астам ғылыми жарияланымы бар.
- Төлеген Жайна Жанайқызы – философия докторы (PhD), «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-index, Scopus) – 3. Докторанттың бағыты бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары журналдарда Scopus базасында индекстелетін 3-тен астам ғылыми жарияланым авторы.
Рецензенттер:
- Козбагарова Нина Жошевна – сәулет докторы, академиялық профессор, Сәулет факультеті, Халықаралық Білім беру Корпорациясы/ҚазБСҚА, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-index, Scopus) – 4. Докторанттың бағыты бойынша CiteScore (Scopus) көрсеткіші 35-тен жоғары және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміне кіретін журналдарда 6 ғылыми жарияланымы бар;
- Мауленова Гульнара Джупарбековна - сәулет кандидаты, Т. Басенов атындағы сәулет және құрылыс институтының қауымдастырылған профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті. Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 1. CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары Scopus базасында индекстелетін 4 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміне кіретін 5 ғылыми жарияланым авторы.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2026 жылғы 11 наурызда сағат 14:00-де келесі мекенжайда өтеді: НАО «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті», 050013, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, Мұнай корпусы, 3-қабат, 316-аудитория.
Веб-сайт мекенжайы: https://official.satbayev.university/ru/protection
Онлайн форматта қатысуға арналған сілтеме:
General | Диссертационный совет по направлению "Архитектура и строительства" | Microsoft Teams
Ғылыми хатшы: PhD докторы, Бердіқұл Н.И.,
е-mail: n.berdikul@satbayev.university