28 қазан 3059

Есенгараев Ерлан Кайратович

Докторлық диссертацияны қорғау туралы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (ҚазҰТЗУ) 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін, докторант Есенгараев Ерлан Кайратович «Әртүрлі реагенттер мен әртүрлі физико-химиялық әдістерін қолдана отырып, алтынның үйіндісін шаймалауды күшейту» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды. Жұмыс "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде" КЕАҚ-да орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Баимбетов Болотпай Сагынович – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Ө. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтының» профессоры, Алматы қ., Қазақстан.

2. Мамяченков Сергей Владимирович – техника ғылымдарының докторы, Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федерал университетінің аға ғылыми қызметкері, Екатеринбург қ., Ресей.

Рецензенттер:

1. Койжанова Айгуль Кайргельдыевна – техника ғылымдарының кандидаты, Б.Б. Бейсембаев атындағы гидрометаллургия және кен байыту арнайы әдістері зертханасының меңгерушісі, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 ғылыми жарияланымдары бар.

2. Багашарова Женисгул Телмановна – техника ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, 6D070900 – Металлургия мамандығы бойынша 5 ғылыми жарияланымдары бар.

  Е.К. Есенгараевтің диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уакытша мүшелері:

1. Шевко Виктор Михайлович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ-ның «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі, 6D070900 – Металлургия докторанты мамандығы бойынша CiteScore-да (Scopus) 35-тен жоғары 2-ден көп ғылыми жарияланымдары бар.

2. Квятковский Сергей Аркадьевич – техника ғылымдарының докторы. «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, ауыр түсті металдар пирометаллургиясы зертханасының меңгерушісі, 6D070900 – Металлургия докторанты мамандығы бойынша CiteScore-да (Scopus) 35-тен жоғары 2-ден көп ғылыми жарияланымдары бар.

3. Чепуштанова Татьяна Александровна – PhD докторы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ө. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтының "Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы" кафедрасының меңгерушісі, "Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ, 6D070900 – Металлургия докторанты мамандығы бойынша CiteScore-да (Scopus) 35-тен жоғары 2-ден көп ғылыми жарияланымдары бар.

4. Акильбекова Шолпан Калыкуловна – техника ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы және Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының аға ғылыми қызметкері, 6D070900 – Металлургия докторанты мамандығы бойынша CiteScore-да (Scopus) 35-тен жоғары 2-ден көп ғылыми жарияланымдары бар.

5. Мамырбаева Кульзира Калдыбековна – PhD докторы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 6D070900 – Металлургия докторанты мамандығы бойынша CiteScore-да (Scopus) 35-тен жоғары 2-ден көп ғылыми жарияланымдары бар.

6. Алтайбаев Бағдат Төлбасұлы – PhD докторы, сирек шашыранқы элементтер зертханасының ғылыми қызметкері, "Металлургия және кен байыту институты" АҚ, 6D070900 – Металлургия докторанты мамандығы бойынша CiteScore-да (Scopus) 35-тен жоғары 2-ден көп ғылыми жарияланымдары бар.

7. Қойшина Гүлзада Мынғышқызы – PhD докторы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 6D070900 – Металлургия докторанты мамандығы бойынша CiteScore-да (Scopus) 35-тен жоғары 2-ден көп ғылыми жарияланымдары бар.

 Диссертацияны қорғау 2022 жылы «5» желтоқсанда, сағат 11-00-де, мына мекен-жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 29/133, Уәлиханов көшесінің қиылысы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ ғимаратының конференц-залы.

Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection, e-mail: esengaraev_erlan@mail.ru 

Ғалым хатшы: т.ф.-м.ғ. Мамаева А.А. e-mail: ak78@mail.ru,  тел.: +7 (747) 850 32 34

 

Диссертациялық Кеңес отырысының бейнежазбасы: https://youtu.be/CvWHAJJrPx4

 



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту