8 ақпан 4033

Қабдолдина Әсем Оралханқызы

Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешімі

   6D071200-Машина жасау, 6D071600 - Аспап жасау мамандықтары бойынша Диссертациялық Кеңесі «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» 2019 жылғы 13 наурыз  № 3 отырыс хаттамасына сәйкес келесі шешім қабылдады: Философия докторы (PhD) дәрежесі 6D071600 - Аспап жасау мамандығы бойынша Қабдолдина Әсем Оралханқызына берілсін.

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарлама

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071600 – «Аспап жасау» мамандығы бойынша докторант Қабдолдина Әсем Оралханқызының «Электродинамикалық вибростендтердің сипаттамасын жақсарту және автоматтандырылған адаптивті жүйені тұрақтандыруды зерттеу және жобалау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.

Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасында орындалған.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Ожикенов Қасымбек Әділбекович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан;

2. Михайлов Петр Григорьевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Разумовский атындағы Технология және Басқару Мәскеу мемлекеттік университетінің Пензадағы филиалы, Пенза мемлекеттік технологиялық университетінің жетекші ғылыми қызметкері, Пенза қ., Ресей.

Рецензенттер:

1. Бисембаев Куатбай- техникалық ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, физика кафедрасы, Алматы қ, Қазақстан (мамандық шифры 01.02.06).

2. Хисаров Болат Джантемирович- техникалық ғылымдарының кандидаты, ВАК доценті, профессор, АЭжБУ, Алматы қ, Қазақстан (мамандық шифры 05.13.06).

Диссертацияны қорғау 2019 жылы «13» наурызында, сағат 16-00-де Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Машина жасау институты ғимараты, 105 кабинет.

Сайт адресі: www.kaznitu.kz  e-mail: kao_assem@mail.ru

Ғылыми хатшы: к.ф.м.н. Бактыбаев М.К., e-mail: murat.baktybayev@gmail.com , тел: 8-777 292 52 44, 257-73-59





Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту