Қасымова Динара Түгелбекқызы
Докторлық диссертация қорғау туралы хабарлама
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша докторант Қасымова Динара Түгелбекқызының «Үлкен деректердегі қайшылықтарды анықтау мен жою әдістерін зерттеу және құру» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Ақпаратты сақтау, өңдеу және киберқауіпсіздік» кафедрасында орындалған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Өтепбергенов Ерболат Төлепбергенұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас ғылыми қызметкері.
2. Хомоненко Анатолий Дмитриевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, І Император Александр Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университетінің «Ақпараттық және есептеуіш жүйелері» кафедрасының меңгерушісі (Санкт-Петербург).
Рецензенттер:
- Куандыков Абу Абдикадырович – техника ғылымдарының докторы, «ХАТУ» АҚ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессоры (05.13.01).
- Мансурова Мадина Есимхановна – физика - математика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы, әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің «Жасанды интеллект және Big data» кафедрасының меңгерушісі (01.01.10).
Қорғау 2021 жылдың 26 наурызда, сағат 14:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен жайы бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а, Бас оқу ғимараты, 707 аудитория.
Университеттің сайты: www.satbayev.university, e-mail: dikakassymova@gmail.com
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бойынша Диссертациялық кеңестің Төрағаның орынбасары: техникалық ғылымдар кандидаты, Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының директоры Сейлова Нургуль Абадуллаевна, e-mail: n.seilova@satbayev.university, тел.: 320-40-34
https://youtu.be/CYlOwa0JDtg