Көпжасарұлы Қосқанат
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D070700 – Тау-кен ісі мамандығы бойынша докторант Көпжасарұлы Қосқанаттың ««Таужыныстары массивінің геомеханикалық жағдайын зерттеу және кен қазбаларының орнықтылығын қамтамасыздандыру» тақырыбында PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Тау-кен ісі» кафедрасында орындалған. Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде қорғалады.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Нұрпейісова Маржан – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры;
2. Шашенко Александр Николаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор. Ұлттық тау-кен университетінің халықаралық байланыс жөніндегі проректоры (Украина, Днепр қаласы).
Рецензенттер:
1. Нариман Жалғасұлы - техника ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атынағы тау-кен институты. (маманлық шифры 25.00.36);
2. Джангулова Гульнара Кабатаевна - техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (мамандық шифры 25.00.22).
Жұмысты қорғау 2017 жылдың 23 қарашасында, сағат 14.30-да Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекенжайында өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай-газ ғимараты, Конференц-зал.
Сайт адресі: www.kaznitu.kz, e-mail: koskanat_kopzhassar@mail.ru
ДК ғылыми хатшысы: Земцова А.В - т.ғ.к., ассоциацияланған профессоры.
e-mail: zlina_2410@mail.ru, тел. +7(771) 4073983
Рецензент Джангулова Г.К пікірі