Кұрмансейтов Мұрат Бауыржанұлы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (ҚазҰТЗУ) 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін, докторант Кұрмансейтов Мұрат Бауыржанұлы «Құйылған шойынды алу және термохимиялық оңтайландыру арқылы оның беттік қабатын болатқа айналдыру технологиясын жасақтау» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғайды.
Диссертация Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасында орындалды.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Тлеугабулов С.М. – техника ғылымдарының докторы, «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан.
2. Еремеева Ж.В. – техника ғылымдарының докторы, «Ұнтақты металлургия және функционалды жабындар» кафедрасының профессоры, «Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҰТЗУ, Мәскеу қ., Ресей.
Рецензенттер:
1. Хасен Б.П. – ЖШС «Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» директоры, Қарағанды қ., Қазақстан.
2. Смагулов Д.У. – техника ғылымдарының докторы, «Инженерлік физика» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан.
Диссертацияны қорғау 2020 жылы 23 желтоқсан, сағат 12-00-де, мына мекен-жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 29/133 Уәлиханов көшесінің қиылысы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Металлургия және кен байыту» институты ғимаратының конференц-залы.
Университеттің сайты: https://official.satbayev.university/kk/protection,
e-mail: murat.kmb@mail.ru
Ғылыми хатшы: т.ғ.к. Молдабаева Г.Ж.
e-mail: gulnara.moldabayeva@satbayev.university, тел.: +7 (707) 392 44 81
23.12.2020 жылғы диссертациялық кеңес жиналысының бейнежазбасы