Мукашева Асель Коптлеувна
Докторлық диссертация қорғау туралы хабарлама
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша докторант Мукашева Асельдің «BigData технологиясы құралдары негізінде қант диабетін диагностикасының ақпараттық жүйесін зерттеу және әзірлеу» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасында орындалған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы – PhD докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ассоц.профессоры.
2. Amy Apon – PhD, Clemson University профессоры (АҚШ).
Рецензенттер:
1. Ускенбаева Раиса Кабиевна – техникалық ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры.
2. Гнатюк Сергей Александрович – техникалық ғылымдарының докторы, доцент, Ұлттық авиация университетінің «Киберқауіпсіздік, компьютерлік және программалық инженерия» факультеті деканының орынбасары.
Қорғау 2020 жылдың 25 қыркүйекте, сағат 14:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен жайы бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а, Бас оқу ғимараты, 707 аудитория.
Университеттің сайты: www.satbayev.university, e-mail: mukasheva.a.82@gmail.com
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бойынша Диссертациялық кеңестің Төрағаның орынбасары: техникалық ғылымдар кандидаты, Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының директоры Сейлова Нургуль Абадуллаевна
e-mail: n.seilova@satbayev.university, тел.: 320-40-34