Советбаев Раил Аянович
Советбаев Раил Аянович
Докторлық диссертацияны қорғау туралы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D07111 – «Машина жасау өндірісін сандандыру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Советбаев Раил Аяновичтің «Ұсақ түйіршікті құрылымы бар алюминий қорытпасынан шыбықтар дайындау технологиясын әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды. Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Нұғман Ерік Зейнелұлы − PhD, қауымдастырылған профессор, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КеАҚ, «Машина жасау» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
2. Anna Kawalek – т.ғ.д., профессор, Ченстохов политехникалық университеті, Ченстохов қаласы, Польша.
Рецензенттер:
1. Шеров Карибек Тагаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
2. Жауыт Әлғазы – PhD докторы, Гумарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, «Электрондық инженерия» кафедрасының профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Р.А. Советбаевтың диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уакытша мүшелері:
1. Нусіпәли Роллан Карсонұлы – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КеАҚ, (Тараз қ., Қазақстан Республикасы). Scopus дерекқорында 6 ғылыми басылым, оның ішінде «Машина жасау» бағыты бойынша CiteScore бойынша 35-тен жоғары бірнеше басылымдары бар, H-index: 3.
2. Сейдахмет Асқар Жүнісұлы – Техникалық ғылымдар кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор, Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты». Scopus дерекқорында 15 ғылыми жарияланым бар, H-index: 3.
3. Бекмырза Жұмаш Айтжанұлы – PhD, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ. Scopus дерекқорында 3 ғылыми жарияланым бар, H-index: 1.
Диссертацияны қорғау 2025 жылдың «20» желтоқсан күні, сағат 14.00-де, мына мекен-жайда өтеді: 050013, Алматы қ., Сәтбаев қ., 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, МК Norgau Академия оқу ғимараты, 706 аудитория.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection, e-mail: r.sovetbayev@stud.satbayev.university
Онлайн формата қатысу үшін сілтеме:
https://teams.microsoft.com/meet/4918676328367?p=BRVS0yojY3kqvCyP3R Ғалым хатшы: PhD докторы, Басканбаева Д.Ж., e-mail: d.baskanbayeva@satbayev.university, тел.: +7 (777) 499 40 03