Темирханова Раушан Галимжановна
Қ.И. Сәтбаев атындағы «Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде» 6D070600 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау мамандығы бойынша докторант Темірханова Раушан Ғалымжанқызы «Индукциялық каротаж мәліметтері бойынша кен сыйыстырушы жыныстарының геологиялық-геотехнологиялық параметрлерін анықтау әдісін жетілдіру» тақырыбында PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің геофизика кафедрасында орындалған. Қорғау орыс тілінде жүргізіледі.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Нұрмағамбетов А.Н. - геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор;
2. Шурилов А.В. – PhD философия докторы, РФ, Санкт-Петербург.
Рецензенттер:
1. Пак Ю.Н. - геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің геология және геофизика кафедрасының профессоры, (мамандық шифры 04.00.12)
2. Шабалина Л.В. – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, уран өндіруші «Байкен-U» ЖШС аға менеджер –геологы, (мамандық шифры 25.00.11)
Қорғау 2017 жылдың 30 маусымында, сағат 15.00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Бас оқу ғимараты, 531 аудитория.
Адрес сайта: www.kaznitu.kz, e-mail: еrgali_79@mail.ru