Юбузова Халича Ибрагимовна
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Юбузова Халича Ибрагимовнаның «Кванттық криптография хаттамалары базасында кілттерді қауіпсіз үлестіру әдістері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді.
Жұмыс «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» АЕҚ-да орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Ахметов Бахытжан Сражатдинұлы – техника ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан.
2. Гнатюк Сергей Александрович - техника ғылымдарының докторы, Ұлттық авиация университетінің профессоры, «Компьютерлік және бағдарламалық инженерия киберқауіпсіздігі» факультеті деканының орынбасары, Киев қ., Украина.
Ресми рецензенттер:
1. Василиу Евгений Викторович - техника ғылымдарының докторы, Интеллектуалды технологиялар және байланыс мемлекеттік университеті, «Киберқауіпсіздік және ақпаратты техникалық қорғау» кафедрасының профессоры, Одесса қ., Украина.
2. Нысанбаева Сауле Еркебұланқызы - техника ғылымдарының докторы, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Ақпараттық қауіпсіздік зертханасы, Алматы қ., Қазақстан.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Мусиралиева Шынар Жеңісбекқызы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Әл Фараби, Алматы қ., Қазақстан.
2. Шайханова Айгуль – PhD докторы, Гумилев атындағы ЕҰУ, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, Нұр-сұлтан қ., Қазақстан.
3. Фауре Эмиль Витальевич - техника ғылымдарының докторы, профессор, Черкасск мемлекеттік технологиялық университеті, ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, Черкасск қ., Украина.
4. Фесенко Андрей Алексеевич – техника ғылымдарының кандидаты, Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің доценты, Киев қ., Украина.
5. Смирнов Алексей Анатольевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Орталық-Украина ұлттық техникалық университеті, «Киберқауіпсіздік және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, Кропивницкий қ., Украина.
6. Георгий Иашвили – PhD докторы, Caucasus University, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Тбилиси қаласы, Грузия.
Диссертацияны қорғау 2022 жылы 14 қазан, сағат 15-00-де, келесі мекен-жайда өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22/5, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚКҒО, 401 аудитория.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university; e-mail: k.yubuzova@satbayev.university
Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ac6j7vxDZtdC6Zb4zI3B4SVhBgYncX5HW5ebiPNR3RPI1%40thread.tacv2/1662720909391?context=%7b%22Tid%22%3a%2249cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c%22%2c%22Oid%22%3a%22984bcb8d-7b90-4d63-b627-be0fe63ca8fb%22%7d
Ғылыми хатшы: PhD докторы Кальпеева Ж.Б., e-mail: z.kalpeyeva@satbayev.university, тел.: +7 (727) 2577044