Жагифаров Адлет Музафарулы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» 8D07305 білім беру бағдарламасы бойынша доктор философиясы (PhD) дәрежесін алу үшін Жагифаров Адлет Музафарулының «Түрлі модификаторларды қолдану арқылы өздігінен нығыздалатын бетонның эксплуатациялық сенімділігін арттыру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өткізілетін болады.
Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Диссертациялық жұмыс ПЦФ BR21882292 «Тұрақты құрылыс саласын интеграциялық дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру» жобасы аясында орындалған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілері:
Ахметов Данияр Акбулатұлы - техника ғылымдарының докторы, К.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры.
Пухаренко Юрий Владимирович - техника ғылымдарының докторы, құрылыс материалдары технологиясы және метрология кафедрасының профессор-кеңесшісі, Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Құрылыс факультеті.
Жагифаров Адлет Мұзафарұлының диссертациялық жұмысы бойынша уақытша комиссия құрамы:
- Шахмов Жанболат Ануарбекұлы – PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Құрылыс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Сәулет-құрылыс факультеті. Хирш индексі – 9, Scopus базасында (CiteScore 50-ден жоғары) 11 ғылыми жарияланымы бар, докторанттың 8D07305 – «Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша.»
- Казкеев Алижан Бауржанұлы – PhD докторы, «Solid Research Group» ЖШС кіші ғылыми қызметкері, Астана қ. Хирш индексі – 2, Scopus деректер базасында (CiteScore 50-ден жоғары) 2 ғылыми жарияланымы, сондай-ақ (CiteScore 25-тен жоғары) 1 мақаласы бар, докторанттың 8D07305 – «Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша.»
- Ткач Евгения Владимировна – техника ғылымдарының докторы, «Қала құрылысы» кафедрасының профессоры, «Ұлттық зерттеу Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, Мәскеу қ., Ресей. Хирш индексі – 6, Scopus деректер базасында (CiteScore 35-тен жоғары) 6 ғылыми жарияланымы бар, докторанттың 8D07305 – «Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша.
Рецензенттер:
- Кудабаев Руслан Бахтиярович – философия докторы (PhD), «Құрылыс материалдары және құрылыс сараптамасы» кафедрасының аға оқытушысы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті. Хирш индексі – 9, Scopus деректер базасында (CiteScore 35-тен жоғары) 7 ғылыми жарияланымы бар, 8D07305 – «Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша.
- Рахимова Галия Мухамедиевна – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қарағанды техникалық университеті. Хирш индексі – 8, Scopus деректер базасында (CiteScore 35-тен жоғары) 12 ғылыми жарияланымы бар, 8D07305 – «Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша.
Диссертациялық жұмыстың қорғалуы 2025 жылдың 24 желтоқсанында, сағат 16:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде өтеді. Мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай ғимараты, 3-қабат, 316-аудитория.
MS Teams сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Ғылыми хатшы: PhD докторы Бердіқұл Н.И.,
е-mail: n.berdikul@satbayev.university