AP19676789 «Этилен және жүгері крахмалы негізіндегі биологиялық ыдырайтын полиэтилен қаптарын өндіру»
Жоба өзектілігі
Этилен мен крахмал негізіндегі, бидай және күріш сабанын қосу арқылы биологиялық ыдырайтын полимерлерді құру жобасы пластик қалдықтарының жиналуымен байланысты ғаламдық экологиялық мәселелер жағдайында өзектілігін арттырады. Табиғи ресурстарды пайдалану арқылы экологияға қауіпсіз және тұрақты материалдар өндіру қазіргі таңда экономиканың айналымды циклге өту талаптарына сәйкес келеді. Мұндай полимерлердің әзірленуі табиғатты ластайтын пластиктердің мөлшерін азайтуға, қалдықтарды азайтуға және жергілікті өсімдік ресурстарын қолдауға мүмкіндік береді. Бұл экологиялық таза орау материалдарын өндіру мен дәстүрлі пластиктерді азайтудың маңызды қадамы болып табылады.
Жоба мақсаты
Биологиялық ыдырайтын полимердің синтезі. Бос радикал инициаторының қатысуымен жүгері крахмалына этиленді еңгізу негізінде биологиялық ыдырайтын полимерді дайындау. Биологиялық ыдырайтын полимерлер кең ауқымды әдістерді пайдалана отырып сипатталды: инфрақызыл спектроскопия (FT-IR), 1H ЯМР және 13C ЯМР, EDX бар сканерлеуші электронды микроскоп (SEM), бөлшектердің өлшемі және таралуы, дисперсиялық тұтқырлық, TGA және DSC, GPS, жанасу бұрышы, рентгендік дифракциялық талдау, трансмиссиялық электронды микроскоп TEM, меншікті бет ауданы.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Жобаның жаңалығы – крахмалмен еңгізілген этиленді күріш пен бидай сабанымен, диоктилфталатпен және кальций карбонатымен біріктіріп, биологиялық ыдырайтын қабықтарды алу. Крахмал қабық түзетін қасиеттеріне байланысты тамақ, орау және медицина сияқты әртүрлі салаларда қолданылуы мүмкін. Күріш пен бидай сабандары қосылғандықтан қабықтардың биологиялық ыдырағыштығы артады, өйткені бұл материалдардың өзі биологиялық ыдырауға бейімді. Диоктилфталат (DOTP) жұмсақ және икемді пластификатор болып табылады, оны беріктік, серпімділік және термиялық тұрақтылық сияқты қабық өнімділігі сипаттамаларын жақсарту үшін пайдалануға болады. Осылайша, бидай және күріш сабаны, сондай-ақ толтырғыштар — кальций карбонаты және диоктилфталат қосылған этилен мен крахмал негізінде биологиялық ыдырайтын қабықтар алынды. Химиялық реагенттердің оңтайлы қатынасы анықталды, ол: этилен – 1г, крахмал – 5г, бидай сабаны – 3г, күріш сабаны – 2г, кальций карбонаты – 9г, диоктилфталат – 1г.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Елигбаева Гульжахан Жакпаровна
Жарияланымдар тізімі
Yeligbayeva G. et al. The Effect of Calcium Carbonate, Rice, and Wheat Straw on the Biodegradability of Polyethylene/Starch Films //Polymer Crystallization. – 2024. – Т. 2024. – №. 1. – С. 8674988.