AP19679253 «Көпфункционалды мобильді металл 3д принтерді зерттеу және жобалау»
Жұмыстың мақсаты – бес өс бойынша 3д баспа жасай алатын және механикалық өңдеу функциялары бар, сонымен қатар тасмалдауға ыңғайлы болуы үшін жиналып-жазылатын, әскери техникалардың және қару жарақтардың бөлшектерін жасауға арналған көпфункционалды мобильді металл 3д принтерді зерттеу және жобалау.
Жобаның практикалық маңыздылығы – баспа басиегіне көп еркіндік дәрежесін беру арқылы күрделі пішінді әскери техникалардың және қару жарақтардың бөлшектерін сүйемелдеусіз 3D-баспалап, жоғары дәлдікті қажет ететін бөліктерін механикалық өңдейтін мобильді шағын өндіріс болатын көпфункционалды мобильді металл 3d принтерін әскерилер үшін жобалап жасау.
Жобаның ғылыми жетекшісі Нұғман Ерік Зейнелұлы.
Зерттеу тобының құрамы: 11 орындаушы, оның ішінде – 6 PhD; 2 тәжірбиелі зерттеуші; 1 постдокторант; 1 өндірістен инженер; 1 PhD докторант.
Жобаның нәтижелері: жоба 2023 жылы басталды
Орындалу мерзімі: 2023-2025 жж.