Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
23 маусым 27

AP22683893 «Мақсатты өнім - ванадий пентоксидін (V2O5) ала отырып, гидрометаллургиялық әдіспен Қазақстанның құрамында байытылуы қиын ванадийқұрамды кендерін қайта өңдеу технологиясы»

Жоба өзектілігі

Жоба Қазақстандағы байытылуы қиын ванадийқұрамды кендерді тиімді өңдеу қажеттілігіне байланысты өзекті. Дәстүрлі әдістер күрделі минералдық құрамға байланысты жеткілікті нәтиже бермейді. Электрохимиялық тотығуға негізделген гидрометаллургиялық технологияны әзірлеу стратегиялық маңызды ванадий қорларын өндіріске тартуға мүмкіндік береді.

Жоба мақсаты

Жобаның мақсаты ванадийқұрамды минералдардың ашылуы қиын бөлігін электрохимиялық тотығуды, ванадий пентаоксидін (V2O5) шаймалау мен тұндыруды пайдалана отырып, еритін түрге ауыстыруды көздейтін гидрометаллургиялық тәсілмен Қазақстанның байытылуы қиын ванадийқұрамды кендерін қайта өңдеу технологиясын әзірлеу болып табылады.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Ванадийдің анодты тотығуы бойынша зертханалық қондырғы іске қосылды. Ванадийқұрамды кендердің химиялық және минералогиялық құрамы зерттелді. Жобаның ғылыми жаңалығы анод кеңістігінде ванадийқұрамды кендердің электрохимиялық тотығуы (С:Қ фазаларының арақатынасы, күкірт қышқылының концентрациясы, токтың тығыздығы, ұзақтығы) және ванадийді ерітіндіге шығара отырып, Баласауысқандық, Құрымсақ және Жабағлы кен орындарының ванадийқұрамды кендерін электрохимиялық тотығу арқылы өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын әзірлеу бойынша жаңа деректерді алу болып табылады.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Джуманкулова Салтанат Карабаевна

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту