AP22684928 «Іске асыратын аппаратураның әдістемесін әзірлеу арқылы сорғы агрегаттарының техникалық жай-күйін диагностикалау тиімділігін арттыру»
Жоба өзектілігі
Сорғы қондырғыларының техникалық жай-күйін уақтылы диагностикалау – тау-кен металлургия саласындағы жабдықтардың сенімділігін арттыру және қызмет көрсету шығындарын азайту үшін маңызды. Жобаның өзектілігі – жоғары жүктемелі жұмыс жағдайында жабдықтың ресурсын тиімді бақылау мен болжау әдістерін енгізу қажеттілігімен түсіндіріледі.
Жоба мақсаты
Діріл диагностикасының нәтижелерін, температура факторының әсерін талдау және қалдық ресурсты болжау негізінде сорғы қондырғыларының техникалық жағдайын бағалау әдістері мен құралдарын әзірлеу
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
2024 жылға: Зерттеу тақырыбы пысықталды, ғылыми-техникалық әдебиеттер зерттелді, зерттеу бағыттары мен негізгі проблемалар анықталды. Тау-кен металлургия және машина жасау салалары кәсіпорындарының қолданыстағы Тқкж жүйелеріне жүйелі шолынды. Техникалық диагностиканың қолданыстағы әдістеріне талдау жүргізіліп, негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Сағатова Ләйла Бақытжанқызы
Жарияланымдар тізімі
Mining of Mineral Deposits 2021 | Journal article DOI: 10.33271/MINING15.04.075 EID: 2-s2.0-85124514502 Part of ISSN: 24153443 24153435 Contributors: Akanova, G.; Kayumov, U.; Sagatova, L.; Istamov, M.; Atakulov, L.