AP22685193 «Алматы облысының жер асты суларының радиоактивтілігінің табиғаты»
Жоба өзектілігі
Жоба халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты өзекті. Алматы облысындағы жер асты суларының радионуклидтік құрамын зерттеу денсаулыққа қауіпті факторларды анықтауға және оларды азайту шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, орталықтандырылмаған сумен жабдықталатын өңірлер үшін маңызды.
Жоба мақсаты
Жобаның мақсаты: Алматы облысындағы (Қазақстан Республикасы) жер асты суларының (халықтың ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын бұлақтары) радионуклидтік құрамының қалыптасу процестеріндегі су-таутас жүйесінің рөлін анықтау болып табылады. Жобаның қолданбалы нәтижелері халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында олардың радиологиялық қауіптілігі мен сапасын бағалау болады.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
• Алматы қаласы және Алматы облысының экспедициялық тау жыныстарының нәтижелері (табиғи сулар мен су көтергіш жыныстардың жинақтары); • Жер асты сулары мен тау жыныстарының химиялық және аналитикалық зерттеулерінің нәтижелері бар электронды мәліметтер базасы; • Алматы облысындағы жер асты суларының интегралды изотопты-геохимиялық систематикасы; • Алматы облысындағы жер асты суларын радиохимиялық типтеу; • Алматы облысындағы ауыз сумен жабдықтау мақсатындағы жер асты суларының сапасы мен радиологиялық қауіптілігі туралы мәліметтер;
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Медешова Назгүл Әділханқызы