AP23487324 «Қазақ тілін түркітілдес студенттерге цифрлық технологиялар негізінде транслингвалды аспектіде оқыту»
Жоба өзектілігі
Жобаның өзектілігі – қарқынды технологиялық прогресс пен білім беруде цифрлық шешімдердің маңыздылығының артуы жағдайында, тюрктілді студенттерге қазақ тілін оқытудың жүйесін жаңғыртудың қажеттілігімен айқындалады. Транслингвальді аспектіні оқыту әдістемесіне енгізу тілдік білім берудің тиімділігін арттырып, көптілді білім беру ортасына бейімделуге мүмкіндік беретін заманауи коммуникативтік және транскультурлық құзыреттерді қалыптастыруға септігін тигізеді.
Жоба мақсаты
Түркітілдес тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгертудің жаңа аспектілерін, ұлттық тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру жолдарын, транслингвалды оқытуды қазіргі лингводидактиканың теориялық және әдіснамалық аппаратына енгізудің маңыздылығын, коммуниканттардың транслингвалды оқытуда қолданатын стратегияларын анықтап, трансмәдени құзіреттіліктер қалыптастыра, сандық технология негізінде оқытудың инновациялық жүйесін жасау көзделеді.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Жобаның ғылыми жаңалығы тілді оқытудың дәстүрлі парадигмаларынан алшақтап, тілді транслингвалдық аспектіде оқытудың біртұтас, бейімделгіш тәсілін ұсынады.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Научный руководитель - Оданова Сагира Амангелдиевна