BR21882292 «Тұрақты құрылыс саласын интеграцияланған дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру»
Жоба өзектілігі
Технологиялық паркті құру шеңберінде жаңа технологияларды енгізу, инновацияларды ілгерілету, озық тәжірибе трансферті есебінен экономикалық өсу және орталық саланың тиімділігін, өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жаңа технологияларды енгізуге ықпал ететін жаңа жұмыс орындарын құру күтіледі. Құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндіріс жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді
Жоба мақсаты
Перспективалы құрылыс материалдарын өндірудің жаңа технологияларын зерттеу және әзірлеу; технопарк құру арқылы инновацияларға, ынтымақтастыққа және кәсіпкерлікке ықпал ететін орта құру жолымен технологиялық кәсіпорындардың өсуін ынталандыру және жәрдемдесу; жаңа және перспективалы құрылыс материалдарын шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Диатомитті термиялық әдіспен модификациялау технологиясы әзірленді және жаңа материалға регламент жасалды; Қазақстанның ірі тау-кен кәсіпорындарының техногендік қалдықтарының сипаттамалары келтірілді және тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға зияны талданды; «Нова-Цинк» ЖШС, «Ақшатау ТКБК» және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жыланды кенішінің қатты металлургиялық қалдықтары тексерілді; портландцементті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретін кен байыту қалдықтары негізінде құрғақ құрылыс қоспалары мен ұялы бетон өндіру технологиялары ұсынылды; Есептік кезеңде бағдарлама шеңберінде 49 ғылыми жұмыс, оның ішінде Web of Science дерекқорында импакт-факторы бойынша индекстелетін және (немесе) Scopus дерекқорында кемінде 50 (елу) Citescore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда 14 мақала жарияланды, ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесі журналдарында 12 ғылыми мақала, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" ШЖҚ РМК-да пайдалы модельге (өнертабысқа) 9 патент, оның ішінде 1 зияткерлік меншік объектісі, сондай-ақ 2 монография, пайдалы модельге патенттің оң шешімі туралы 2 хабарлама, Еуразиялық патенттік ведомствоға (ЕАПВ) патент алуға 1 өтінім берілді, ҚР ӘМ патентін алуға 6 өтінім берілді, халықаралық конференцияларда 3 баяндама жасалды, оның ішінде Scopus дерекқорындағы индекстелетін басылымдарда 1 баяндама шықты.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
1 Научный руководитель Кульдеев Ержан Итеменович (kuldeev_erzhan@mail.ru)
2 Со-руководитель Бегентаев Мейрам Мухаметрахимович begentaev_meiram@mail.ru
3 Ответственный исполнитель Жұмаділова Жанар Оразбекқызы zhanar_85@mail.ru
4 Ответственный исполнитель Нурлыбаев Руслан Ергалиевич rusya_nre@mail.ru
5 Со-руководитель Рахметуллина Сауле Жадыгеровна rakhmetullinas@mail.ru
6 Со-руководитель Елемесов Касым Коптлеуевич elemesov_75@mail.ru
7 Со-руководитель Сарсенбаев Бакытжан Кудайбергенович stroitelstvo_ukgu@mail.ru
8 Со-руководитель Амралинова Бакытжан Базарбековна bakytzhan_80@mail.ru
9 Со-руководитель Оспанов Кайрат Тулегенович ospanov.profile.ncste@mail.ru
Жарияланымдар тізімі (URL, DOI көрсетілген)
- Begentayev M. M., Nurpeisova M. B., Fedotenko V. S. The use of mining and metallurgy waste in manufacture of building materials //Technical Sciences. – 2020. – Т. 6. – С. 194-202.
- Kuldeev E. I. et al. Study of ash and slag waste to be used as secondary resources.
- Nurlybayev R. E. et al. Energy-Efficient Dry Construction Mixtures Based on Modified Diatomite //ES Materials & Manufacturing. – 2024. – Т. 25. – С. 1220.
- Nurlybayev R. E. et al. Study of Properties of Water-Dispersion Paint and Varnish Compositions with the Content of Modified Mineral Filler //Coatings. – 2024. – Т. 14. – №. 9. – С. 1154.
- Rudenko O. V. et al. Aerated Concrete, Based on the Ash of Thermal Power Plants, Nanostructured with Water-Soluble Fullerenols //Processes. – 2024. – Т. 12. – №. 10. – С. 2139.
- Rudenko O. et al. Modelling the properties of aerated concrete on the basis of raw materials and ash-and-slag wastes using machine learning paradigm //Frontiers in Materials. – 2024. – Т. 11. – С. 1481871.