BR24992820 «Ортопедия және медициналық оңалту саласында протездеу және оңалту кезіндегі хирургиялық араласуларды жақсартуға арналған инновациялық медициналық технологиялар мен құрылғылар»
Жоба өзектілігі
Бағдарламаның тиімділігі роботталған жүйелер мен заманауи деректерді өңдеу алгоритмдерін енгізу арқылы хирургиялық араласулардың дәлдігі мен қауіпсіздігін арттыруда, экзоскелеттер мен протездерді әзірлеу арқылы пациенттердің оңалту үдерісін жақсартуда, сондай-ақ емдеуге жұмсалатын уақыт пен шығындарды азайтуда көрінеді. Инновациялық медициналық технологияларды жасау пациенттердің өмір сапасын арттыруға, емдеуді дараландыруға және отандық әзірлемелердің халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға ықпал етеді.
Жоба мақсаты
Ортопедия және медициналық оңалту саласында протездеу және оңалту кезіндегі хирургиялық араласуларды жақсарту үшін инновациялық медициналық технологиялар мен құрылғыларды әзірлеу және енгізу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Коллаборативті роботтың манипуляциялық жүйесінің және негізгі қозғалыстарды қолдауға арналған бейімделген басқару жүйесінің тұжырымдамасы әзірленді. Пациенттердің анатомиялық ерекшеліктерін тануға арналған медициналық бейнелерді талдау мен өңдеуге математикалық модельдер мен алгоритмдер жасалды. Биомеханика мен эргономиканы ескере отырып, экзоскелет пен протездердің негізгі компоненттерін 3D модельдеу және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Медициналық бейнелер негізінде органдардың үш өлшемді модельдерін қалпына келтіруге арналған бағдарламалық жасақтама прототипі әзірленді. Алынған нәтижелер бейімделген басқару алгоритмдерін, жоғары дәлдіктегі сегментация және рендеринг әдістерін қолдану, сондай-ақ медициналық құрылғыларды әзірлеу процесінде робототехника мен жасанды интеллект интеграциясын енгізу арқылы ғылыми жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Научный руководитель - Ожикенов Касымбек Адильбекович