BR24992907 «Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу»
Жоба өзектілігі
Жобаның тиімділігі Қазақстан қалаларының жылумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеуде, бұл апаттылықты азайтуға, энергия тиімділігін арттыруға және жылу желілерін басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба мақсаты
Қалалық жылу желісінің цифрлық егізіне арналған бағдарламалық өнімді әзірлеу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
1) мәліметтер базасының құрылымы әзірленді және жылу желілері мен әртүрлі қалалардың ғимараттары үшін деректерді енгізуге мүмкіндік беретін жылу желісінің элементтерін енгізу үшін объектілер құрылды; 2) желінің топологиялық есептерін шешу және ағындар мен температураларды есептеу үшін математикалық модельдер мен алгоритмдер жасалды, бұл Жүйенің жеке бағдарламалық модульдерін құруға әкелді; 3) Жүйеде ақпаратты енгізу, редакциялау және шығару үшін графикалық интерфейс элементтері іске асырылды; 4) Алматы қаласының жылу желісінің параметрлерін цифрландыру басталды, картада көрсету үшін координаттары бар 141 торап, 49 құбыр учаскесі және 65 ғимарат бойынша деректер енгізілді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Научный руководитель - Жапбасбаев Узак Кайрбекович
Жарияланымдар тізімі
Bossinov D., Ramazanova G., Turalina D. Comparison of measured and calculated high-viscosity crude oil temperature values in a pipeline during continuous pumping and shutdown modes //International Journal of Thermofluids. – 2024. – Т. 24. – С. 100950.