BR24993051 «IoT және деректерді талдау негізінде интеллектуалды қала жүйесін дамыту»
Жоба өзектілігі
Қазіргі қоғамда қала тұрғындары жайлырақ, қауіпсіз және экологиялық таза өмір сүру жағдайларын күтеді. Ақылды қалалардағы IoT жүйелері қала ресурстарын басқаруды айтарлықтай жақсарта алады, ластануды азайтады, көлік ағындарын оңтайландырады және қауіпсіздікті жақсартады, сондай-ақ маңызды қызметтерге жылдам және жақсы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, азаматтардың күнделікті өмірін жақсартады. Бизнес пен мемлекеттік органдар шығындарды оңтайландыруға және жұмыс тиімділігін арттыруға мүдделі. IoT жүйелері нақты уақыт режимінде деректерді жинауға және талдауға мүмкіндік береді, бұл басқару шешімдерін жақсартуға және операциялық шығындарды азайтуға көмектеседі. Бұл бизнес-процестерді тиімдірек және үнемді етеді, бұл әсіресе шектеулі ресурстар жағдайында маңызды.
Жоба мақсаты
Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, қалалық инфрақұрылымды басқаруды оңтайландыру және қаланың тұрақты дамуына ықпал ету үшін IoT технологиясына, деректерді талдауға негізделген қалалық интеллектуалды жүйені әзірлеу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
IoT негізіндегі ауаның ластануын бақылау жүйесінің архитектурасы әзірленді, таза бөлмелердегі климаттық бақылау жүйесінің тұжырымдамасы әзірленді, электрондық денсаулық сақтау жүйесіне талдау жасалды, микроконтроллерлерді пайдалана отырып, көрсеткіштерді өлшеу алгоритмі жасалды, цифрлық сервисті дамытудың техникалық спецификациясы жасалды, 5G негізіндегі желі архитектурасы жобаланды.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
1 Научный руководитель Кальпеева Жылдыз Бейшеналиевна (zhuldyz.kalpeeva@gmail.com)
2 Со-руководитель Ускенбаева Раиса Кабиевна uskenbaevar@gmail.com
3 Исполнитель Молдагулова Айман Николаевна a.moldagulova@satbayev.university
4 Исполнитель Нурсеитов Данияр Борисович d_nurseitov@list.ru
5 Исполнитель Бостанбеков Кайрат Аратович kairat.boss@gmail.com
6 Исполнитель Әбдіманап Ғалымжан Сейтахметғали galym55010@gmail.com
7 Исполнитель Тасмурзаев Нурдәулет Мұсаханұлы tasmurzayev.n@gmail.com
8 Исполнитель Амангелды Бибарс Сапарғалиұлы a.s.bibars@gmail.com
9 Исполнитель Алтай Ельдос Алтайұлы aeldos@inbox.ru
Жарияланымдар тізімі
Лашин Б. и др. Судың сапа көрсеткіштеріне температураның әсерін бағалау моделін әзірлеу //Вестник КазАТК. – 2025. – Т. 136. – №. 1. – С. 336-345.