ИРН: AP14971907 «SDR және акустикалық қолтаңбаларды пайдалана отырып, күдікті дрондарды анықтау үшін жиілікке негізделген сенімді жүйені әзірлеу»
Жобаның мақсаты – SDR радиосы мен акустикалық сенсорлардың көмегімен алынған дрон жиіліктерін көрсету үшін терең оқыту алгоритмдерін қолдануға негізделген күдікті дрондарды анықтайтын және нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін жүйені жасау.
Жобаның өзектілігі: Жобалық ұсыныстың негізгі мақсаты – күдікті ұшқышсыз ұшақтарды анықтаудың сенімді жүйесін әзірлеу және оны елдегі ерекше қорғалатын аумақтарда немесе арнайы ғимараттарда нақты уақытта пайдалану үшін бимодальды сенсор ретінде әзірлеу және енгізу. Соңғы 4 жыл бойы шетелдік ғылыми жетекшімнің кеңесімен дрондарды ұшу дыбысынан тану бойынша зерттеулер жүргізіп келемін [8, 9, 10, 11, 12]. Зерттеулерде акустикалық сенсорды тексеру басқа әдістерге қарағанда күдікті дрондарды анықтауда тиімдірек екені анықталды.
Жобаның орындаушысы: Утебаева Д.Ж. және Eric Matson
Алынған нәтижелер: жобаның басталуы - 2023 ж
Іске асыру мерзімі: 2022-2024 жж.