БНҚ ЖТН BR21881939 Тау-кен металлургия кешені үшін ресурс үнемдейтін энергия өндіруші технологияларды әзірлеу және инновациялық инжинирингтік орталық құру"
Жобаның мақсаты:
Сирек металдардың концентраттарын ала отырып, құрамында ванадий бар шикізатты өңдеудің аралас технологиясын әзірлеу, сондай-ақ металдарды термиялық ыдырату, шаймалау, сорбциялау және шоғырландыру процестерінің ғылыми-теориялық негіздемесі, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру үшін құрамында темір бар ұнтақтар мен алюмосиликатты толтырғыштар түріндегі арнайы материалдарды алу. Энергия өндіретін металлургиялық процестер, жылу техникасы және ұнтақты металлургия зертханасын құру және аккредиттеу.
Өзектілігі:
Қазақстанда сирек металдардың қомақты қоры бар, бірақ олардың еліміздегі өндірісі тұрақсыз. Сирек металдар өндірісі бойынша көшбасшы Қытай болып табылады, ол сирек және сирек жер металдар саласындағы ең үлкен ресурстарға ие, сирек металл өнімдерінің 90% -дан астамын өндіреді және бай табиғи ресурстар, жоғары өндірістік қуат сияқты бәсекелестік артықшылықтары бар.
Ішкі нарықты дамыту үшін Қытай әлемдік нарыққа сирек кездесетін металдар экспортын қысқартты. Осыған байланысты сирек металдарды қажет ететін компаниялар осы сатып алуларға мүдделі. Бұл сұраныс кен және техногендік шикізаттан металдарды алу үшін жаңа технологияларды зерттеуді, сондай-ақ шикізаттың жаңа көздерін белсенді іздеуге ынталандырады. Осындай әлеуетті көздердің бірі – құрамында ванадий шикізаты бар гидрометаллургиялық зауыт - ЖШС "Балауса" мекемесі.
Ғылыми жетекшісі: PhD, т.ғ.к., қаумд. профессор, Чепуштанова Татьяна Александровна
Жобаны орындаушылардың сандық және сапалық құрамы: 4 орындаушы, оның ішінде: 4 PhD.
Алынған нәтижелер: жобаның басталуы – 2023 ж.
Жарияланымдар тізімі (URL, DOI көрсетілген)
- Rakishev B. et al. Particle size composition of blasted rocks in tunnel driving and its automated determination //Tunnelling and Underground Space Technology. – 2024. – Т. 148. – С. 105773.
- Saik P. et al. Investigation of the rock mass state in the near-wall part of the quarry and its stability management //Frontiers in Earth Science. – 2024. – Т. 12. – С. 1395418.
- Kunarbekova M. et al. The state of the art of the mining and metallurgical industry in Kazakhstan and future perspectives: a systematic review //ES Materials & Manufacturing. – 2024. – Т. 25. – С. 1219.
- Раимбекова А. С. и др. Исследование возможности переработки техногенных отходов месторождения жайрем на растворы фосфатирования.
- Мотовилов и. Ю. И др. Изучение вещественного состава и оценка гравитационной обогатимости окисленных полиметаллических руд месторождения РК.
- Chepushtanova T. A. et al. Review of methods for processing ore vanadium-containing raw materials //Engineering Journal of Satbayev University. – 2024. – Т. 146. – №. 1. – С. 15-22.
Патент туралы ақпарат
- Патент на изобретение «Устройство для сквозного проезда автосамосвалов разной ширины при разгрузке» №36850, Молдабаев Серик Курашович (KZ); Адамчук Андрей Андреевич (UA); Аскаров Ерлан Сейткасымович (KZ); Кузьменко Сергей Валентинович (KZ); Калюжный Евгений Сергеевич (KZ); Богаш Михаил Иванович (KZ)
- Заявки «Скиповый подъемник для глубоких карьеров» №2023/0681.1, Молдабаев Серик Курашович (KZ); Адамчук Андрей Андреевич (UA); Аскаров Ерлан Сейткасымович (KZ); Кузьменко Сергей Валентинович (KZ); Калюжный Евгений Сергеевич (KZ); Богаш Михаил Иванович (KZ) Аманкулов Максат Бейсенбекович (KZ)
Іске асыру мерзімі: 2023-2025 жж.