Ақбасова Аманкүл Жақанқызы
Техникалық ғылымдар докторы
Профессор
Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты
«Химиялық Процестер және Өнеркәсіптік Экология» Кафедрасы
Email: a.akbassova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
1964-1969 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), химия факультеті;
1969-1972 жж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), химия факультеті, аспирантура;
1972 ж. – химия ғылымдарының кандидаты, мамандық: электрохимия және аналитикалық химия;
1979-1980 жж. – Ленсовет атындағы Ленинград технология институты, мамандық «Беттік-белсенді заттардың физикалық-химиялық қасиеттері»;
1992 ж. – Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химиялық-технологиялық университеті. «Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы (КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімі);
1996 ж. – химия мамандығы бойынша профессор (ҚР Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімі);
2016 ж. – Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;
2017 ж. – Ресейдің жаратылыстану академиясының академигі.
Білімі
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: тарихи, сәулет, археологиялық ескерткіштерді қоса алғанда, қоршаған орта объектілерінің (атмосфераның, топырақтың, су ресурстарының, өсімдіктердің) мониторингі; аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді дамыту, атап айтқанда, технологиялық ерітінділерді тазарту әдістері; әртүрлі өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін вермикомпосттау негізінде органикалық егіншілікті дамыту; екінші ресурстар негізінде фармацевтикалық және басқа да биологиялық белсенді препараттарды жасау.
«Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» атты ғылыми мектептің негізін қалаушы (диплом РАЕ РФ). Лучший преподаватель ВУЗа 2012.
Сәтті қорғалған диссертациялардың жетекшісі және ғылыми кеңесшісі: 2 докторлық, 5 PhD-философия, 11 кандидаттық және 45-тан астам магистрлік диссертациялар және көптеген дипломдық жұмыстар. Қазіргі уақытта 450-ден астам ғылыми жұмыстары жарық көрген, оның ішінде 12 мақала Scopus базасына кіретін журналдарда, 7 монография (ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде), оның бірі Германияда, бірі Ресейде жарияланған, 15-нан астам оқулық пен оқу құралдары, 4 терминдер түсіндірме сөздігі, 1 экологиялық энциклопедия және де 20-дан астам өнертабыс патенттерінің (Халықаралық, Ресей, Евразия, Қазақстан) авторы.
2025 ж. қыркүйек айынан бастап ХПжӨЭ кафедрасының профессоры.
Ғылыми және педагогикалық тәжірибесі – 50 жылдан астам.
Ғылыми жобалар
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: тарихи, сәулет, археологиялық ескерткіштерді қоса алғанда, қоршаған орта объектілерінің (атмосфераның, топырақтың, су ресурстарының, өсімдіктердің) мониторингі; аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді дамыту, атап айтқанда, технологиялық ерітінділерді тазарту әдістері; әртүрлі өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін вермикомпосттау негізінде органикалық егіншілікті дамыту; екінші ресурстар негізінде фармацевтикалық және басқа да биологиялық белсенді препараттарды жасау.
| № | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
|---|



