Әжібекова Гүлнара Жамаханқызы

Әжібекова Гүлнара Жамаханқызы

Филология ғылымдарының кандидаты

Лектор

А. Машани атындағы базалық білім беру институты

Email: g.azhibekova@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Өзімнің педагогикалық және еңбек жолын 1973 жылы Алматы аймақтық мұғалімдерді жетілдіру институтында әдіскер және шет тілдері кабинетінің меңгерушісі ретінде бастадым. 1980 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институтында аға лаборант (1980 - 1981), кіші ғылыми қызметкер (1982 - 1986), ғылыми қызметкер (1986 - 1991), аға ғылыми қызметкер (1991 - 1993) ретінде жұмысымды атқардым. 1993-2001 жж. Т. Рысқұлов Қазақ экономикалық университетінде аға оқытушы (1993 - 1996), доцент (1996 - 1999), «Әлемдік экономикалық қатынастар» факультетінің әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі (1999 - 2002)қызметтерді атқардым. 2002 жылдан 2011 жылға дейін Қазақ ұлттық зерттеу университетінің шет тілдері кафедрасын басқардым. 2011 жылдан 2012 жылға дейін доцент, 2012 жылдан 2015 жылға дейін аға оқытушы, 2015 жылдан 2019 жылға дейін сениор - лектор қызметтерді атқардым, ал 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін ағылшын тілі кафедрасының оқытушысымын.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Экология және тіршілік қауіпсіздігі Халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесімін және Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқу орындарының оқу-әдістемелік басылымдарына пікір беру бойынша сараптама комиссиясының төрайымымын.

40-тан аса ғылыми мақаланың, ғылыми монографияның, оқу құралдарының, екі және үш тілді техникалық сөздіктердің, оқу-әдістемелік әзірлемелердің авторымын. Менің ғылыми қызығушылығым - жалпы тіл білімі, түркі және герман тілдері, лексикология мәселелерін зерттеу, екі тілді және түсіндірме сөздіктер жасау.

Ғылыми, педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметіндегі еңбегім үшін

Я. Коменский атындағы «Білім беру саласындағы еңбегі үшін» халықаралық медалімен, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазУЗТУ «Айрықша еңбегі үшін» медалімен, университет құрмет грамоталармен, ведомстволық бағынысты министрліктер және Алматы қаласының Әкімі А. Есімов мырзаныңқұрмет грамоталарымен, ғұлама ғалым Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және университеттің құрылғанына 85 жыл толуына орай медаліменмарапатталғанмын.

Ғылыми жобалар

Г.Ж. Әжібекова үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оның ғылыми қызығушылықтары: жалпы тіл білімінің мәселелерін, түркі және герман тілдерінің мәселелерін, лексикологияны зерттеу, екі- үштілді техникалық және түсіндірме сөздіктер құрастыру.

Жарияланымдар

1)The role of the numerals in the English language word-formation. “Modern Science” International scientific electronic journal, Institute of Innovative Technologies, Wisconsin, Madison, USA, 4 p., 2016.

2)English-Russian Geological Dictionary. ISBN 978-0-9904344-9-8, Institute of Innovative Technologies, Wisconsin, Madison, USA, 158 p., 2016.

3)Ways and Models of Word Formation on the Basis of Numerals in Modern English. “European Journal of Natural History”, № 1, 2019. РИНЦ = 0,527

4)Formation of the Target Professional Competences of CLIL. Impact factor SGR=0,36 Scorpus, Opcion, Maracaib-Venezuela, Ano 35Regular No. 89 (2019). 942-951/ ISSN 1012-1587/ISSNe 2477. Бірлескен авторлар Т. Аяпова, Г. Карипбаева.

Білім беру

1. 1969 - 1973 жж. - Алматы педагогикалық шет тілдер институты, ағылшын тілі факультеті, мамандығым – «Ағылшын тілі», біліктілігім - ағылшын тілі мұғалімі, № 371165.

2. 1974 - 1976 жж. - Алматы педагогикалық шет тілдер институты, ағылшын тілі факультеті, ағылшын тілі грамматика кафедрасы, зерттеуші стажер.

3. 1976 - 1980 жж. - Алматы педагогикалық шет тілдер институты, аспирант.

4. 1983 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғадым.

 5. 1983 - 1984 жж. - КСРО Ғылым академиясының, Тіл білімі институты, зерттеуші стажер.

6. 1993 - 1994 жж. - Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті, үздіксіз білім беру факультетінің  тыңдаушысы №4-А.

Түйіндеме