Байгулбаева Молдир Момбековна

Байгулбаева Молдир Момбековна

Техника ғылымдарының магистрі

Ассистент

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар кафедрасы

Email: nur_aly.kz@mail.333

H-index:
2

Кәсіби өмірбаяны

Мен, Байгулбаева Молдир Момбекқызы 1989ж. 28-шілдеде Түркістан обл. Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында дүниеге келдім. Әкем- Байгулбаев Момбек Ердалыұлы, М. Әуезов мектебінде «Әлеуметтік мұғалім» қызметін атқарды. Анам- Махамбетова Гүлжаһан Тұрдықызы, М. Әуезов мектебінде «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» пәні мұғалімі қызметін атқарды.

Елшібек батыр атындағы орта мектеп-лицейді «Қызыл аттестатқа» бітірдім. Физика және Химия пәндерінен олимпиадаға қатыстым. Баскетбол спорт түрінен аудандық жарыстарға бардым.

Мектепті 2006ж. бітіріп, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-не грантқа оқуға түстім. «Ақпараттық технологиялар» институтында оқып, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын 2010ж. бітірдім.

2010ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-не «Электроэнергетика» кафедрасына жұмысқа кірдім. 2013ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не «Шығыстану» кафедрасына жұмысқа кірдім. 2017ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-не «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығына грантқа магистратураға оқуға түстім. 2019ж. «Техникалық ғылымдар магистрі» атағын алдым. 2019ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не «Химиялық физика және материалтану» кафедрасына докторантураға грантқа оқуға түстім. Қазір Философия докторы (PhD) дәрежесін алу мақсатындамын. 2019-2020жж. Жану проблемалар институтында «Нанотехнология» мамандығы бойынша Ғылыми-қызметкер дәрежесін атқардым. 2020-2022жж. аралығында Ө. А. Джолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында Ғылыми-қызметкер дәрежесін атқардым. 2023ж. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіне «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша мұғалім қызметіне тағайындалдым. 

Жолдасым- Смайлов Нұржігіт Құралбайұлы. Ұлдарым- Құралбай Әлихан Нұржігітұлы, Құралбай Әл-Фараби Нұржігітұлы. Қыздарым- Құралбай Зере Нұржігітқызы, Құралбай Ясина Нұржігітқызы. Алматы қаласында тұрамыз.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасында «Микроэлектроника» сабағынан дәріс беремін.

Білімі

1) Бакалавр, грант. 2006-2010жж. - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ. Мамандық 050719- «Радиотехника, электроника және телекоммуникация». Біліктілік – бакалавр академиялық дәрежесі;

2) Магистратура, грант. 2017-2019жж. - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ. Мамандық –  6М74600 «Ғарыштық техника және технологиялар». Біліктілік –Техникалық ғылымдар магистрі;

3) Докторантура, грант. 2019ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Мамандық - 8D07113 «Химиядағы нанотехнологиялар және наноматериалдар». Қазір Философия докторы (PhD) дәрежесін алу мақсатындамын. 

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл