Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Бекенова Гүлнар Ышанқызы

Бекенова Гүлнар Ышанқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Жобаларды басқару институты

«Менеджмент және математикалық экономика» кафедрасы

Email: gu.bekenova@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

Кәсіби еңбек жолын 1991 жылы ҚазАШИ (қазіргі ҚазҰАЗУ) «Нарық» ғылыми-зерттеу зертханасында экономист болып бастады, бір жылдан кейін оқытушылық қызметке ауысты. 1991 жылдан 2022 жылдың тамыз айына дейін ҚазҰАЗУ-де жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Менеджмент және математикалық экономика» кафедрасының доценті.

1991-1992 жж. - ҚазҰАЗУ «Нарық» ҒЗЛ экономисті

1992-1996 жж .– аспирантура, ҚазҰАЗУ «Ауыл шаруашылығы экономикасы» кафедрасының ассистенті

1996-2004 жж. - «Ауыл шаруашылығы экономикасы»  кафедрасының оқытушысы

2004-2007 – «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы

2005 жылы 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша «Жеміс-көкөніс өнімдерінің тұтыну нарығын қалыптастыру және дамыту (Алматы облысының материалдары бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2009-2015 жж – «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті

2015-2022 жж – ҚазҰАЗУ «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының профессоры.

01.09.2022 ж. - ҚазҰЗТУ «Менеджмент и математикалық  экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 

Білімі

1986-1991жж. - Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі ҚазҰАИУ), мамандығы - ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру және экономикасы, біліктілігі - ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы-экономист.

1993-1996 жж. - Қазақ ауыл шаруашылығы институты, Аспирантура, сырттай бөлім