Бердали Мейірман Нуржанұлы
Техника ғылымдарының магистрі
Директордың орынбасары
Сәулет және құрылыс институты
Email: m.berdali@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Бердали Мейірман Нұржанұлы, Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандығы бойынша 2018 жылы бакалавр, ал 2020 жылы техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Бірқатар дипломдар мен түрлі спорт жарыстарының марапаттарының иегері. Сонымен қатар «Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің 2016 жылғы стипендия бағдарламасының стипендианты.
2019-2020 жылдары ЖШС «AVC-Engineering» компаниясында тоңазытқыш жабдықтарының шебері болып жұмыс істеді. Тоңазытқыштар мен кондиционерлермен жұмыс істеу тәжірибесі бар.
2021 жылдан бастап Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының "Инженерлік жүйелер және желілер" кафедрасында тьютор болып жұмыс істейді.
Білімі
Жоғары:
1. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті. "Инженерлік жүйелер және желілер" кафедрасы Т. К. Бәсенов
2. 6М075200 "Инженерлік жүйелер және желілер" мамандығы бойынша магистратура, техника ғылымдарының магистрі.
Ғылыми жобалар
Ғылыми жобаларға қатысу (соңғы 3 жылда):
2018 жылдың 1 қыркүйегі мен 2018 жылдың 31 желтоқсаны аралығында "Автоматтандырылған жылу пункттері бар ғимараттарды жылумен жабдықтаудың заманауи жүйелерін және энергия үнемдейтін жылудан қорғайтын қоршауларды зерттеу, әзірлеу және енгізу" тақырыбы бойынша 2018/АР 05133670 ғылыми жобасының зертханашысы лауазымында жұмыс істеді. 2020 жылдың 05 қаңтарынан 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін осы жобаның зертханашысы.
2021 жылдың 16 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін № 178/36-21-23 15.04.2021 ж шарт бойынша "Қозғалатын пойыздардың поршеньдік әрекетінен айналым ағындарын пайдалану негізінде Алматы метрополитенінде шаңды кетірудің инновациялық технологиясын зерттеу, әзірлеу және енгізу" гранттық тақырыбы бойынша ғылыми қызметкер болып табылады.
Жарияланымдар
1.Бердали М.Н., Унаспеков Б.А. «Метродағы энергияны үнемдеуге ауалы жылу сорғысын қолдану»// Научный журнал "Вестник КазНИТУ 2020 № 1 (137) 250-253стр
2. Унаспеков Б. А.Бердали м. н. жылу сорғы қондырғыларының энергия тиімділігін есептеу әдістемесі. "ҚазҰТУ хабаршысы" ғылыми журналы 2020 №2 (138) 436-439 бет.
3. Нұпейісова К.М., Бердәлі М.Н. "Сейсмикалық аудандарда құбырларды төсеу ерекшеліктері." Труды Международной научно-практической конференция посвященной к 115-летию член-корр. АН КазССР А.Ж.Машанова и 100-летию Академика АН КазССР Ж.С.Ержанова «Инновационные технологии в геопространственной цифровой инженерии». - Алматы: КазНИТУ имени К.И. Сатпаева, 2022. – С. 555-561.
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Бұйрық күні | Жыл |
---|