Букенова Мереке Сайлаубекқызы
Техника ғылымдарының магистрі
Аға оқытушы
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
Мұнай инженериясы кафедрасы
Email: m.bukenova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Букенова Мереке Сайлаубекқызы – техника ғылымдарының магистрі, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Мұнай ісі» кафедрасының аға оқытушысы. 1998 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды «Газ және мұнай құбырлары мен газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша үздік бітірді де шақыртумен «Мұнай және газ кен орындарының машиналары мен жабдықтары» кафедрасында оқытушылық қызметке шақырылды.
1999 жылдан бастап «Мұнай және газ өндіру машиналары мен жабдықтары» кафедрасында тәжірибе жинақтаушы, 2000 жылдан бастап оқытушы, одан кейін «Газ және мұнай құбырлары мен газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» кафедрасында аға оқытушы, 2019 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің «Мұнай ісі» кафедрасында лектор болып жұмыс істеді.
2002 жылы Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті (Уфа, Ресей).
2005-2006 жылдары Мұнай-газ өнеркәсібі Бас диспетчерлік басқармасының (Астана қ.) нормативтік-құқықтық құжаттама сарапшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» МКҚК «Газ және мұнай құбырлары және оларды пайдалану» пәні бойынша колледж оқытушыларына арналған тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысты.
2021-2024 жылдар аралығында ҚазҰТЗУ-де 8D07202 ОБ – «Мұнай ісі» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. Докторантурада оқу барысында «Мұнай ұңғымаларын тазалау бойынша технология мен техниканы зерттеу және жетілдіру» диссертацияляқ тақырыбына сәйкес Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университетінде (Санкт-Петербург, Ресей, 2023 ж.) және «Өзенмұнайгаз» АҚ (Жаңаөзен, 2024 ж.) және «TestCom Caspian» ЖШС филиалында (Ақтау, 2024 ж.) ғылыми тағылымдамадан өтті.
2024 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының Геодинамика зертханасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
Мереке Сайлаубекқызы магистральдық құбырларды жобалау, салу және пайдалану, мұнай-газ ұңғымаларының түпкі аймағын гидродинамикалық тазалау саласында маманданған. Келесі пәндер бойынша дәрістер жүргізеді: Магистральдық құбырларды жобалау және пайдалану; Газ және мұнай қоймаларын жобалау және пайдалану; Мұнай-газ нысандарын жобалау және пайдалану; Сораптық және компрессорлық станциялар; Газ және мұнай құбырларының тиімділігін арттыру әдістері. Scopus базасында Хирш Индексі – 2.
Букенова М.С. «Сырдария және Солтүстік Торғай шөгінді бассейндері құрылымының геодинамикалық үлгілерін жасау және аймақтық геологиялық барлау жұмыстарының жобасын әзірлеу» жобасының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуда, жобаның қорытындысы бойынша Scopus деректер базасына енгізілген және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарға мақалалар дайындалуда, сонымен қатар докторлық диссертациямен айналысуда.
Бизнесті дамыту орталығы, HSBS бизнес орталығы және Каспий қоғамдық университетінің (Алматы) оқу орталығы сияқты мұнай-газ саласындағы өндіріс жұмысшыларының біліктілігін арттыру бойынша оқу орталықтарымен бизнес-тренер ретінде белсенді жұмыс атқарады.
20-дан астам ғылыми еңбектің, үш электронды оқулықтың және бір оқу-әдістемелік құралының авторы және бірлескен авторы. Жоғары білікті мамандарды даярлаудағы адал еңбегі үшін бірнеше рет ҚазҰТЗУ-нің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталған.
Атаулы сертификаттары: 1. Pedagogy and Course Development Workshop at Satbayev University. 16-19 September 2019. Dr. Linda Battalora, Course Instructor Petroleum Engineering, Colorado School of Mines; 2. Мұнай мен газды тасымалдау жүйелерінің технологиясын жетілдіру. 72 сағат, Бағалау және құрылыс академиясы, тамыз 2022 ж.; 3. Мұнай, газ және суды жинау мен тазартудың заманауи технологиялары. Республикалық кәсіпкерлікті дамыту орталығы. Алматы, сәуір 2025 жыл.
Білімі
2021-2024 Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Геология және мұнай-газ ісі институты, күндізгі бөлім, докторантура 8D07202 – «Мұнай ісі» мамандығы
1998-2000 Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Мұнай факультеті, күндізгі бөлім, магистратура «2000 – Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша академиялық дәреже: техника ғылымдарының магистрі
1993-1998 г. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, Мұнай факультеті, күндізгі бөлім, «Газ және мұнай құбырлары мен газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша инженер-механик
| № | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
|---|


