Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Хидолда Еркін

Хидолда Еркін

Техникалық ғылымдар кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

Энергетика кафедрасы

Email: y.khidolda@satbayev.university

H-index:
2

Кәсіби өмірбаяны

Сәтбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты.

Біліктілігі - тау-кен инженері, жалпы жұмыс өтілі 25 жылдан асады, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі - 23 жыл.

Ғылыми-педагогикалық қызметін 1996 жылы «Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру» кафедрасының күндізгі бөлімінде аспирант ретінде бастады. 2000 жылы ЭжТКА кафедрасына ассистент ретінде қабылданды және 2012 жылға дейін аға оқытушы, содан кейін доцент болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі директорының оқу-әдістемелік мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың 31 мамырына дейін «Энергетика» кафедрасын басқарды, содан кейін оқытушылық қызметке ауысты және осы уақытқа дейін кафедраның қауымдастырылған профоссоры болып жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат

1) 2017/2018 оқу жылынан бастап Университеттің академиялық жоспарлау комитетінің мүшесі, 2018/2019 оқу жылында осы комитеттің төрағасы болды.

2) 2016/2017 оқу жылынан бастап Алматы энергетика және байланыс университеті жанындағы «Энергетика, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бағыттары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің тұрақты мүшесі.

3) Сәтбаев университетінің «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша Ғылыми диссертациялық кеңестің мүшесі.

4) Университет бойынша қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

5) 2014-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-2-де магистратураға арналған білім беру бағдарламаларын жасау жобасы аясында ҚазҰТУ бойынша жауапты өкіл болды.

6) Темпус IV «Энергия және тұрақты даму саласындағы инженерлер мен экономистерге арналған магистрлік бағдарламаларды әзірлеу» жобасына жауапты орындаушы ретінде қатысты (2009-2012 жж.).

ҚазҰТУ «Айрықша еңбегі үшін» медалімен және ҚазҰТЗУ Ректорының  Құрмет грамотасымен марапатталған.

Білімі

1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының автоматика және басқару жүйелері факультетіне «Электр жетегі және өндірістік қондырғылар мен технологиялық кешендерді автоматтандыру» мамандығы бойынша түсіп, 1996 жылы «тау-кен инженері электромеханик» біліктілігін алды.

Сол жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру» кафедрасының күндізгі аспирантурасына түсіп, 2000 жылы бітірді.

2003 жылы 05.09.03 – «Электр техникалық кешендер мен жүйелер» мамандығы бойынша Алматы энергетика және байланыс институтының диссертациялық кеңесінде «Бейтарабы оқшауланған тораптардағы электр қауіпсіздігін жедел бағалау әдістемелері мен құралдарын жасау» тақырыбында диссертация қорғады.