Құрманғажина Мәдина Мұхтарбекқызы

Құрманғажина Мәдина Мұхтарбекқызы

Ph.D. докторы

Аға оқытушы

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау кафедрасы

Email: m.kurmangazhina@satbayev.111

H-index:
2

Кәсіби өмірбаяны

Педагогикалық және кәсіби қызметін 2013 жылы «Геологиялық барлау, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» кафедрасының инженері болып бастады. 2016 жылдан 2018 жылға дейін кафедрада ассистент, 2018-2021 жж Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының бас менеджері, 2021-2023 жж.  оқытушы, 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Геологиялық барлау, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» кафедрасының аға оқытушысы.

2013 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-не "050706 – Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау" мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтағаннан кейін Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-не  "6М070600 – Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау" мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2016 жылы «Нұрқазған порфирлі мыс кен орнының геологиялық ерекшеліктері» тақырыбында магистрлік диссертациясын сәтті қорғады. Магистратура аясында Түркияның Анталия Халықаралық университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтті.

Қаратау оқу полигонында 4 жылдан астам оқу геологиялық практиканы өткізуге қатысып және "Жалпы геология", "Құрылымдық геология", "Петрография", , "Жалпы және құрылымдық геология", "Қазақстанның геология және минералдық ресурстары", "Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы", "Физикалық геология", "Жер қойнауын пайдалану" пәндері бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүргізді. Бакалав студенттеріне арналған үш әдістемелік нұсқаулық және рецензияланатын ғылыми журналдар мен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында мақалалар жариялады.

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі.

Құрманғажина М.М. 2020 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің 8D07205 – «Геология және қатты пайдалы қазба кенорындарын  барлау» докторантура бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, 2023 жылы докторантураның толық теориялық курсын аяқтаған. Докторантурада аясында Адам Мицкевич университетінің (Познань, Польша) минералогия және петрология зертханасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

2024 жылы "Сырымбет кенді алаңындағы кенорындардың 3D модельдік құрылымдарын зерттеу негізінде сирек металды кенденуді болжау" тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Білімі

2009-2013жж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. 050706 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» бакалавр.

2014-2016жж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті. 6М070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» техника ғылымдарының магистрі.

2020-2023жж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті. 8D07205 – «Геология және қатты пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» докторантура.

Ғылыми жобалар

Құрманғажина М.М. Еңбек жолында педагогикалық және ғылыми жұмыстармен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруының далалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады:

- 2021-2023 жж. «Рудалардың микро- және наноминералды құрамдас бөліктерін игеру технологияларын әзірлеу үшін Қазақстанның пайдалы қазбаларының қорын толықтыру ресурсы» тақырыбы бойынша жобаны іске асырушы;

- 2021-2023 жж. «Қатты пайдалы қазбалардың кенорындарын орналастыру үлгілерінің атласы» тақырыбы бойынша келісімшарттық жобаның орындаушысы;

- 2024-2026 жж. «Жас Ғалым 2024». «Сирек металды Сырымбет кенорнының қалайы құрамды мору қыртысын байыту технологиясын даярлау» тақырыбы бойынша жобасының жетекшісі.

Жарияланымдар

1. Issayeva L., Togizov K., Duczmal-Czernikiewicz A., Kurmangazhina M., Muratkhanov D. Ore-controlling factors as the basis for singling out the prospective areas within the Syrymbet rare-metal deposit, Northern Kazakhstan,Mining of Mineral Deposits. Volume 16, Issue 2, Dnipro (Ukrainian) 2022y. P.14-21. ISSN 2415-3435. https://doi.org/10.33271/mining16.02.014

2. Z.Ablessenova, L.Issayeva, K.Togizov, M. Kurmangazhina // Geophysical indicators of rare-metal ore content of Akmai-Katpar ore zone (Central Kazakhstan), Naukovyi Visnyk Natsionalnoho Hirnychoho Universytetu. 2023, (5): 034 – 040 https://doi.org/10.33271/nvngu/2023-5/034

3. K. Togizov, L. Issaeva, D. Muratkhanov, M. Kurmangazhina, Maciej Swęd, А. Duczmal-Czernikiewicz. Rare Earth Elements in the Shok-Karagay Ore Fields (Syrymbet Ore District, Northern Kazakhstan) and Visualisation of the Deposits Using the Geography Information System. Minerals 2023, 13(11), 1458; https://doi.org/10.3390/min13111458

4. Тогизов К.С., Курмангажина М.М. «Месторождения Сырымбет и Шок-Карагай - эталонные объекты редкометалльно-редкоземельного типа оруденения северного Казахстана». Труды Международных Cатпаевских чтений, Алматы, 2021

5. Курмангажина М.М. Некоторые особенности образования оловорудной минерализации на месторождении Сырымбет. Труды университета. 2023. №1 (87). С. 95-99  https://DOI.10.52209/1609-1825_2023_1_95   

6. Курмангажина М.М., Аршамов Я.К., Антоненко А.А. Месторождения олова Кокшетауского рудного района и перспективы расширения минерально-сырьевой базы олова региона //  Труды университета. 2023. №3 (87). С. 199-205  // https://DOI.10.52209/1609-1825_2023_3_199

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл