Матаева Зайра Тоқтарбекқызы

Матаева Зайра Тоқтарбекқызы

Химия ғылымдарының кандидаты

Директордың орынбасары

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Email: z.mataeva@satbayev.111

H-index:
2

Кәсіби өмірбаяны

Еңбек жолын 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып бастаған. 2003 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, 02.00.15 – "Катализ" мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.  2004 - 2006 жылдар аралығында еңбек жолын С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің химия кафедрасында аға оқытушы болып жалғастырды. 2006 жылдан бастап Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Мұнай және газ өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, ал 2014 жылдан бастап Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты директорының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік химиялық технологиялар университетінде "Мұнай химиясы және мұнай-газ өңдеу" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. "Жоғары оқу орнының инновациялық менеджменті. Іскер басшылық.",  "Оқу үдерісіндегі қашықтықтан білім беру технологиялары" атты біліктілікті арттыру курстарының сертификаты бар.

20 – дан астам ғылыми еңбектердің авторы.

Алматыкітап баспасынан шыққан "Химия. 7-сынып" электрондық оқулығының авторы (web-платформа, https://topiq.kz/).

2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Білімі

1994-1998 ж. – әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия факультеті (бакалавриат);

1998-2000 ж. – әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия факультеті (магистратура)

2000-2002 ж. – әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия факультеті (аспирантура)

Жарияланымдар

Norms of emissions of harmful substances generated from vehicles in the different countries of the world, Sassykova, L.R., Sendilvelan, S., Bhaskar, K., ...Mataeva, Z.T., Zhakupova, A.A., News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciencesthis link is disabled, 2019, 2(434), pp. 181–190 Theoretical and experimental researches of catalytic reduction of aromatic nitro compounds by molecular hydrogen in liquid phase, Sassykova, L.R., Sendilvelan, S., Otzhan, U.N., ...Mataeva, Z.T., Amangeldi, M.B.,  News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciencesthis link is disabled, 2018, 2(428), pp. 18–28
Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл