Мұстафина Кулайым Қабдулғалиқызы
Техника ғылымдарының магистрі
Тьютор
Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты
«Жалпы физика» кафедрасы
Email: k.mustafina@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Алғашқы еңбек жолдарын 1981 жылы Ақпараттану кафедрасында лаборант қызыметінен бастадым. Ал 1995 жылдың қаңтар айында конкурстың негізінде оқытушы қызыметіне өттім.
2001 жылдың қаңтарында ол оқу-әдістемелік бөлімінің компьютерлік құжаттама бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырым 2005-2010 жылдары «Мансап» орталығының практика және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы болып жұмыс істедім.
2010-2011жылдары Жоғары технологиялар жәинженерлік институтының жалпы және Теориялық физика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істедім. «Техникалық физика» және «Жылуэнергетика» мамандықтары студенттерінің практикасына жетекшілік еттім және кафедрада аға эдвайзер қызметін атқардым.
Ал 2011-2013 жж. Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім. Адал еңбегім үшін маған «Айрықша еңбегі үшін» медалін және алғыс хаттармен марапатталдым.
2013-2016 жылдар аралығында Жоғары технологиялар инженерлік институтының жалпы және теориялық физика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істедім.
2016-2018 жылдар аралығында Инженерлік физика кафедрасының зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істедім.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін Инженерлік физика кафедрасында жетекші инженер болып жұмыс істеймін.
Жалпы жұмыс стажым - 40 жыл, ал Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да 39 жыл.
Білімі
Мұстафина Кулайым Қабдулғалиқызы, Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік Университетін 1988 жылы, «Физика» мамандығы бойынша бітірді.
2011-13 жылдары Алматы гуманитарлық -техникалық университетын "6М070300-Ақпараттық жүйелер" - мамандығы бойынша аяқтап , Техника ғылымдарының Магистрі деген дәрежін алды.
Жарияланымдар
1. Суперкомпьютерлік және Грид технологиялары. . Кальпеева Ж.Б., Мұстафина К.К. Алматы,2013ж. УДК 0043.22
2. Монокристалл Со, Сu, Zn, FeO ферритінің элементар ұяшығын-дағы атомдардың координаттары мен жазықтарын анықтау. "Конденсирленген күй фиикасындағы жаңа концепциялар" Халықаралық ғылыми симпозиумының баяндамалар тезистері. Қ.И. Сәтбаев ат.ҚазҰТУ, Алматы. 2014. Сәрсембаева Б.Д.,
Мұстафина К.К.,Әбдрасилова В.О., Шамбулов Н.Б.
3. Зертханалық жағдайда тәжірбелік зерттеулер үшін қираған тау массаларын үлгілеу принципі. М.Жараспаев, К.Мұстафина, А.Умбетова, Г.Пиржанова,Д.Әбилжанов, Весник КазНТУ,
№ 2 ( стр.355-359) 2015.Алматы.