Орынбасарова Эльмира Орынбасарқызы

Орынбасарова Эльмира Орынбасарқызы

Ph.D. докторы

Директор

Ғылым

Сәтбаев Университеті холдингінің ғылыми қызметкерлері

Email: e.orynbassarova@satbayev.111

H-index:
3

Докторанттардың саны:
3

Кәсіби өмірбаяны

Орынбасарова Э.О. «Болашақ» бағдарламасымен Ноттингем Университетіне (Ұлыбритания) оқуға түсті және 2012 жылы «Инженерлік ізденістер және Геодезия» саласы бойынша магистр дәрежесін алды.

2017 жылы Ltd Geomatic Ventures (Англия)  Ноттингем университетінде тағылымдамадан өтті. EDX, Coursera, ESRI сияқты әртүрлі open-source ресурстарында үздіксіз біліктілік арттыру курсынан өткен. 3 тілді еркін меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын.

2012 жылдан 2020 жылға дейін халықаралық білім беру корпорациясында (ХОК) келесі лауазымдарда жұмыс істеді: профессордың көмекшісі, қауымдастырылған профессор, деканның орынбасары. ХОК - та жұмыс істеген кезде РУП, ОП әзірлеуге және аккредиттеуге құжаттарды дайындауға белсенді қатысты.

2020 жылдың маусым айында Конкурстық комиссия негізінде "Маркшейдерлік іс және Геодезия" кафедрасының меңгерушісі қызметіне қабылданды.

Республикалық комиссияда сарапшы ретінде қатысып, ISPRS (халықаралық фотограмметрия және қашықтықтан зондтау қоғамы) Халықаралық конференциясында рецензент болды.  

ҚР БҒМ 23.12.21 ж. №600 ғылым және мемлекеттік ғылыми стипендиялар саласындағы атаулы сыйлықтарды беру туралы бұйрығымен 2021 ж. Э. О. Орынбасарова мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Білімі

2007-2011жж. – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Мамандық –Тау-кен ісі

Дәрежесі - бакалавр

2011-2012 жж. – Ноттингем Университеті, Ұлыбритания

Мамандық – Инженерлік ізденістер және Геодезия

Дәрежесі - магистр

2015-2018 гг.- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Мамандық - Геодезия

Дәрежесі  - PhD доктор

Ғылыми жобалар

1."Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Кен орны үшін кешенді геодинамикалық мониторинг деректері негізінде Web-ГАЖ әзірлеу " жобасының ғылыми жетекшісі болды.

2. 2022 жылы "Master Programme in Eco-Mining and Innovative Natural Resources Management" тақырыбында ERASMUS халықаралық жобасын жеңіп алды. Оған әртүрлі елдерден 22 серіктес қатысады, Satbayev University тарапынан жоба жетекшісі Э.О. Орынбасарова, ал жоба үйлестірушісі К. Б. Рысбеков (грант иегері "Житомир политехникасы" мемлекеттік университеті (Украина) болып табылады).

3. "Жер-Ғарыш әдістерімен кен орындарын геологиялық картаға түсіру үшін болжамды-іздестіру шешімдерін әзірлеу" ПЦФ ғылыми жетекшісі болып табылады

Жарияланымдар

1. Grebby S., Orynbassarova E., Sowter A., Gee D., Athab A. Delineating ground deformation over the Tengiz oil field, Kazakhstan, using the Intermittent SBAS (ISBAS) DInSAR algorithm. International Journal of Applied Earth Observation and Geoinformation 81, 37-46

2. Kamza A., Levin E., Kuznetcova I., Yerzhankyzy A., Orynbassarova E. INVESTIGATION OF CHANGES IN DEM, CONSTRUCTED FROM TIME TO TIME DATA FROM THE SEABED. International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM 18 (2.3), 449-454

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл