Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Санатбеков Мирас Есенұлы

Санатбеков Мирас Есенұлы

Ph.D. докторы

Аға оқытушы

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

«Гидреогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы» кафедрасы

Email: m.sanatbekov@satbayev.111

H-index:
2

Кәсіби өмірбаяны

Санатбеков Мирас Есенұлы - 1992 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. 2010 жылы туған ауылындағы орта мектепті аяқтады. 2014 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін «5В060700 – Пайдалы қазбалар кен орындарын геология және барлау» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриатты үздік дипломмен тәмамдады. 2016 жылы магистратураны аяқтады. 2024 жылы «6D075500 – Гидрогеология және инженерлік геология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Геология, гидрогеология және мұнай-газ геологиясы саласының маманы. Университеттегі жалпы педагогикалық және ғылыми еңбек өтілі – 9 жыл. 2015 жылы академиялық тәжірибе алмасу аясында Бельгияның Гент қаласындағы Гент университетінде баяндама жасады.

Әртүрлі құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталған:

Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы "KAZENERGY" атынан мұнай-газ және энергетика саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Алғыс хат, Астана қ., 2023 ж.

«Құрмет грамотасы» - 2022-2023 оқу жылдарына талапкерлерді 1 курска қабылдауды ұйымдастыруда кәсіби шеберлік көрсеткені үшін (2022)

«Құрмет грамотасы» - Геологтар күніне орай білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін (2022)

«Құрмет грамотасы» -  Сәтбаев университетінің Кәсіподақ ұйымына қосқан үлесі үшін (2022)

 «Диплом» - Сәтбаев университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында Президенттік сынақтарды тапсыру бойынша Президенттік деңгейді өткені үшін (2022)

«Диплом»  -  «Сәтбаев оқулары – 2020» үздік баяндамасы үшін

«Диплом»  -  «Сәтбаев оқулары – 2019» үздік баяндамасы үшін

«Құрмет грамотасы» -  «КазҰТЗУ көктемі - 2019» байқауында ұйымдастыру шараларына қосқан үлесі үшін

«Диплом»  - Президенттік тест тапсырып , спорттық іс-шарада үздік нәтиже көрсеткені үшін (2019)

«Диплом» - ҚазҰТУ-дың үздік түлегі (2014)

 «Алтын түлек - 2014» медалі

Білімі

2010 - 2014 жж. – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бакалавриатында оқыды.

2014-2016 жж. – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «6М070600-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша магистратурада оқыды.

2018 - 2021 жж. – Сәтбаев университетінің "6D075500 – «Гидрогеология және инженерлік геология" мамандығы бойынша докторантурада оқыды.

Ғылыми жобалар

Ғылыми жобаларға қатысқан:

- «Сырдария және Солтүстік Торғай шөгінді бассейндерінің құрылысының геодинамикалық үлгілерін әзірлеу және өңірлік геологиялық барлау жұмыстары жобасын дайындау», 2024–2027 жж.

- «Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның (Алакөл, Балқаш және Іле) тау аралық ойпаңдарындағы мұнай-газ әлеуетінің геодинамикалық эволюциясы және болашағын бағалау» ҚР БҒМ, 2018-2020 жж.

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2017-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Торғай бассейнінің палеозой кен орындарының мұнай-газ әлеуетінің геодинамикалық моделі және болашағы».

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2017-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Оңтүстік Маңғышлақ палеозойының мәселелері (геологиялық құрылымы және мұнай-газ әлеуеті)».

Жарияланымдар

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Жолтаев Г.Ж. және басқа да әріптестермен бірлесіп ғылыми мақалалар жазылды. 16 ғылыми еңбегі бар, оның ішінде 3-еуі ҚР БҒМ ККСОН ұсынған журналдарда, 4-еуі Scopus базасында, 9-ы халықаралық конференцияларда жарияланған.

1. Rheological Study of Salted Water-Based Drilling Fluid Formulations Developed Using a Novel Amphoteric Terpolymer. ES Materials and Manufacturing. 2024: ISSN 25780611, DOI 10.30919/es1262,Scopus Modeling and Simulation – 98% процентиль (Q1) 

2. Study of geodynamic and hydrogeological criteria for assessing the hydrocarbon potential of the Аlakol depression. Naukovyi Visnyk Natsionalnoho Hirnychoho Universytetu. 2024, (1): (Q2, Precentile 57%, CiteScore 1.9).

3. Optimizing oil recovery by low-pressure nitrogen injection. An experiment case study for J- Sandstone Formation in North Karamandybas  field. ES Materials and Manufacturing. 2024, (1): (Q1, Precentile 98%, CiteScore 14.4).

4. Modeling and analysis of filtration processes in oil reservoirs of small fields by reserves. Scientific Reports, Том 15, Выпуск 1, December 2025, ISSN 2045232, DOI 10.1038/s41598-025-96797-8, Scopus Multidisciplinary – 92 % процентиль (Q1)   

5. Алакөл ойпатының көмірсутегі кен орындарын болжаумен байланысты тау жыныстардың пайда болуының литолого-палеогеографиялық шарттары, «Горный журнал Казахстана» научно-технический и производственный журнал, ипакт-фактор: 0.093, код МРНТИ 38.15.29, №2, 2021г., ККСОН.

6. Геолого-структурные условия и формирование режима подземных вод Балхашской впадины, «Горный журнал казахстана» научно-технический и производственный журнал, ипакт-фактор: 0.093, код МРНТИ 38.61.15, ККСОН,2021.

7. Балқаш ойпаты шөгінділерінің литолого-стратиграфиялық сипаттамасы және фациалды құрамы, ҚазҰТЗУ Хабаршысы, №6, 2020 ж., 41-46 б, импакт – фактор: 0.038, ISSN 2709-4766 (Online), ISSN 2709-4758 (Print), ККСОН, 2020.

8. Особенности формирования геологических комплексов и тектонических структур Алакольского региона, IVIII Международной научной конференции, журнал «Актуальные научные исследования в современном мире», выпуск 2(58) ,часть 2, г. Переяслав, Украина, февраль 2020 г.

9. Алакөл ойпаты палеозой шөгінділерінің жер асты суларының гидрогеологиялық сипаттамасы, «Сәтбаев оқулары-2020» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, ҚазҰТЗУ, I том, 157-160 б., 12 сәуір, 2020, Алматы.

10. Особенности формирования подземных вод мезо - кайнозойских отложений Алакольской впадины, Сборник трудов  «Сатпаевские чтения» на тему «Инновационные технологии-ключ к успешному решению фундаментальных и прикладных задач в рудном и нефтегазовом секторах экономики РК», КазНИТУ, Том I , с. 313-316, 12 апреля 2019 г., г. Алматы.

11. Литолого-стратиграфический районирование палеозойских отложений Балхашской впадины, «XXIII международный научный симпозиум имени академика М.А.Усова», Том I, С. 69-71, г.Томск, Россия, 2019 г.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл
1 Геолого-геофизическая изученность Балхашского осадочного бассейна в связи с оценкой его углеводородного потенциала. Нефть и газ Геология, мұнайхимия, бұрғылау, өндіру, барлау салалары 2024
2 Investigation of the structural and tectonic development of the Alakol depression to detern probability of the presence of hydrocarbons. Нефть и газ Геология, мұнайхимия, бұрғылау, өндіру, барлау салалары 2024