Саржанов Нияз Жасуланович
Ph.D. докторы
Қауымдастырылған профессор
Сәулет және құрылыс институты
Сәулет кафедрасы
Email: n.sarzhanov@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Саржанов Нияз — Satbayev University Т. Қ. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Сәулет» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Ол бірқатар сәулет жобаларын, соның ішінде жеке тұрғын үйлерді, шағын сәулет нысандарын, демалыс аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды жүзеге асырды. 2017 жылы «Шаңды дауыл жағдайындағы әлеуметтік тұрғын үй сәулеті (Қызылорда және Арал қалаларының мысалында)» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Жобалау ұйымдарында жұмыс істеп, тұрғын үйлерді жобалау барысында тұрғын кеңістігінің жайлылығы мәселесін терең зерттеуге ден қойды. 2026 жылы «Ғимараттардың әртүрлі конструктивтік жүйелерін ескере отырып, Қазақстанның тұрғын үй қорын реновациялау ерекшеліктері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Қазіргі уақытта ғылыми-педагогикалық қызметін сәулетші ретіндегі практикалық жұмысымен белсенді түрде ұштастырып келеді.
Білімі
PhD докторантура. Білім беру бағдарламасы: 8D07302-сәулет және қала құрылысы, Satbayev University, Алматы қ. 2019-2022
Өнертану ғылымдарының магистрі, мамандығы – "сәулет", Satbayev University, Алматы қ. 2015-2017 жж.
Өнер бакалавры, мамандығы - "сәулет", Satbayev University, Алматы қ. 2010-2015 жж.
Ғылыми жобалар
Тұрғын үй архитектурасы, биоклиматтық архитектура, жайлы тұрғын орта, пәтерлердің заманауи жайлылық жағдайына бейімделуі.
№ 757 тақырыбы бойынша ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру бойынша ҒЗЖ Орындаушы.БҒМ.ГФ.15. АҚЖ.1 "аумақты және жаппай демалыс, сыртқы және ішкі туризмнің инфрақұрылымдық объектілерін ұтымды сәулет-жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік ұйымдастыру есебінен Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті әлеуетін арттыру" (2017 ж. қорытынды есеп).
Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің жобалары.
Алакөл көліндегі демалыс базаларының эскиздік жобалары
Қазақстанның ыстық-құрғақ климаттық аймағындағы әлеуметтік тұрғын үйлерді жобалау бойынша ұсыныстар.
«Жаһандану және ұлттық бірегейлікті іздеу жағдайында Қазақстанға сәулет және қала құрылысы саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды дайындау принциптері» тақырыбындағы ЖТН "AP08955550" ғылыми жобасының ғылыми қызметкер (2020 ж.қазан - 2021 ж. қыркүйек).
Жарияланымдар
1 Ыстық-құрғақ климатта тұрғын үйлерді қалыптастыру принциптері. Халықаралық Сәтбаев оқуларының еңбектері "Шахмардан Есеновтың ғылыми мұрасы" - Алматы: ҚазҰТУ, 2017. – С. 1061-1065.
2 Қазақстанның IV Климаттық ауданында тұрғын үйді жобалау практикасы. "Қазақстан Жоғары мектебі"журналы. № 1(1) / 2017. – Алматы."Қазақстан Жоғары мектебі", 2017. – С. 55-60, қос автор: Абилов А. Ж.
3 Алматы қаласындағы мәдени-ойын-сауық ғимараттарын қайта жаңарту. Студент және ғылым: болашаққа көзқарас: жыл сайынғы республикалық ғылыми студенттік конференция материалдарының жинағы, 1 бөлім. – Алматы: КазГАСА, 2015, стр. 63-67, қосымша автор: Лебедева С. Н., Нуртаева М. С.
4 Қайта өрлеу дәуіріндегі Италияның бақ-саябақ өнерінің ерекшеліктері. "Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудағы жас ғалымдардың рөлі мен орны" атты Халықаралық Сатпаев оқуларының еңбектері, 3 Том, Алматы: ҚазҰТУ 2015, 673-677 бет, соавторы: Цой В. Г.
5 Features of interpretation of the traditional life of the peoples of Kazakhstan in the modern housing . "Бүгінгі ғылым және білім"журналы. №11 (46) - М.: "Олимп" ЖШҚ, 2019, бірлескен авторлар: Самойлов К. И.
| № | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
|---|
Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары
Қалалық ортаны жаңарту; тұрғын үй сәулеті; салауатты өмір сүру ортасы.





